Ақтөбеде тағы бір кәсіпорын өнімдері сертификатталды
Ақтөбеде тағы бір кәсіпорын өнімдері сертификатталды
3 жыл бұрын 2249 nurgasyr.kz Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің жүйелі жүргізген жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе қаласында тағы бір кәсіпорнына халал сертификаты табысталды.

Жергілікті мұсылман жамағат ендігі кезекте «МантыОтЖанат» атты атпен танымал сауда орынының ет өнімдерін пайдалана алады.

Аталған кәсіпорынға Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан мен «Халал Даму» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Жарсахан Әбдісаламов барып, халал сертификатын салтанатты түрде табыстады. Бас имам өнімнің жасалу орнын аралап аталмыш сауда мекемесінің басшылығы мен ұжымының істеріне табыс, кәсіптеріне береке тіледі. Халықтың тұтынатын азығының адалдан болуын жіті назарда ұстап, сол жолда аянбай еңбек етіп жатқан аспаздардың игі істеріне еселеп сауап жазылатынын сүйіншіледі.

Айта кетейік, ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің сертификаты – Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайтын сертификат. Бүгінде Ақтөбе облысында 18 мекеме аталмыш сертификатқа сай қызмет етуде.

0 пікір
Мұрағат