Мұсылман елдері мен Азия үшін аса маңызды жоба нақты жүзеге асырылатын болды
Мұсылман елдері мен Азия үшін аса маңызды жоба нақты жүзеге асырылатын болды
3 жыл бұрын 9586 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2021 жылдың бас кезінде Исламабад-Теһран-Стамбұл бағытында қатынайтын жүк пойызы (ITI) аталған үш елдің арасындағы экономикалық байланысты әрі сауда-саттықты жандандыру мақсатында жұмысын бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы парсылардыңMehr News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айналып келгенде аталмыш жобаның шарапаты тек аталған үш елмен шектелмейді, сонымен қатар, Азия үшін де маңызы зор – ел мен елді байланыстыратын күретамыр ретінде стратегиялық маңызға ие болады. Пәкістан, Иран және Түркия билігі бұл тарапта өзара келісімге келді. Бұл туралы Түркияның көлік министрі Әділ Қараысмайылоғлы мәлім етті Стамбұл шаһарында таяуда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының көлік және коммуникация министрелірінің 10-шы бас қосуында. Аталған маршрутты жаңғырту, сондай-ақ, ECO контейнерлік пойыздарға қатысты негізгі талаптар орындалып қойды. ITI бойынша алғашқы сынақ 2009 жылы Э кономикалық ынтымақтастық ұйымы аясында, яғни, аталмыш ұйымның 10 мүше елден тұратын азиялық сауда-саттық блогының ұйытқы болуымен жүргізілген еді. Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан мойындалған теміржол маршруты осы уақытқа дейін тек сынақ ретінде пайдаланылып келген болатын. Бұл теміржол желісі арқылы қатынаған жүк пойызы Стамбұл қаласынан Пәкістан астанасына дейін 6500 шақырымға созылып жатқан қашықтықты 13 күнде бағындырған болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш 11,5 күнге дейін қысқартылып отыр. Салыстырмалы үшін алсақ, Еуропалық елдерден Пәкістанға тауарларды теңіз жолымен жеткізуге аттай 45 күн кетеді екен. Ал мына маршрут бойынша он күннен аса уақыт кетеді, осылайша уақыт үнемдеуге әрі тауарлардың сапасын сақтауға мүмкіндік туып тұр.Түркия аумағындағы ұзындығы 1950, Иран – 2600, ал Пәкістан – 1990 шақырымда алып атқан теміржол желісі болашақта Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан аумақтарын басып өтеді. Бұл теміржол ең алдымен Азия мен Еуропа арасындағы күретамыр – Стамбұлдағы 76 шақырымға созылып жатқан Мармарай тоннеліндегі теміржол арқылы кәрі құрлыққа шығуға болады. Бұл ауқамыды жобаға өзге елдерде мүдделілілк танытып отыр. Яғни, алдағы уақытта аталмыш жобаның ауқымы кеңиді. Таяу шығыс пен еуропа және Азияның ірі нарығын қамтитын. Бұдан бөлек, өзге маршртуттарға қарағанда аталмыш теміржолмен тасымалданатын жүк тарифы 30%-ға арзан.

0 пікір
Мұрағат