|
Қазкоммерцбанк терроризмді қаржыландыруға қарсы заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды
|
Алматы қалалық арнайыландырылған аймақаралық сот «Қазкоммерцбанкті» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банкке қылмыстық жолмен келген қаржыны жылыстау және терроризмді қаржыландыру заңнамасын бұзды деген айып тағылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бөлімі 214 бабы бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 250 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке — 900 АЕК дейін айыппұл қарастырылған (1 АЕК — 2269 теңге)
Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Лариса Коковинецтің мәліметнше, Қазком сот шешімімен келіспейді және қазіргі уақытта оларға шағым түсірі мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Бионикалық қолды сүйекке және жүйке жүйесіне жалғады
■
Екі саусақ санына жетпейтін жылдарда мұсылмандар қарасы христиандар санынан асып түседі