Қазақ фермерлеріне арналған мобилді қосымша шықты
Қазақ фермерлеріне арналған мобилді қосымша шықты
4 жыл бұрын 2031

Қазгидромет Қазақстан фермерлеріне арналған мамандандырылған AgroData интернет-қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Интернет-қосымша министр М.Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша әзірленді, шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. AgroData-ны кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы әлі болған жоқ.

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап фермерлер нақты ақпаратты және болжамдарды он-лайн режимде көре алады. Қосымшада ауа райы болжамдары, ұсынылған себу күндері, топырақтағы ылғал қоры және өсімдік шаруашылығында шешім қабылдауға арналған басқа да маңызды ақпарат бар. Барлық ақпарат қарапайым және қолжетімді түрде agrodata.kz сілтемесі бойынша ұсынылған.

Жақын арада қосымша пункттер бойынша 3 сағаттық ауа райы болжамдарымен толықтырылатын болады, біз оны жетілдіру бойынша пайдаланушылардың ұсыныстарына қуанышты боламыз.

0 пікір
Мұрағат