Елімізде әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі бекітілді. Тұмауға қарсы екпе балалар ағзасына қалай әсер етеді?
Елімізде әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі бекітілді. Тұмауға қарсы екпе балалар ағзасына қалай әсер етеді?
4 жыл бұрын 3594

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тізімге туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық, мінез-құлық ауытқушылықтары (аурулар), балалардың церебральді сал ауруы, жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай), ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары, орфандық аурулар енген.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (28 қыркүйек) күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тұмауға қарсы екпе балалар ағзасына қалай әсер етеді?

Бұл туралы baq.kz ақпарат көзінің тілшісі Аягөз Құрмаш Алматы қаласының №32 қалалық емханасының педиатрия бөлімінің меңгерушісі Әсел Елемесоваға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

Қазір вирустардың өршіп тұрған кезеңінде халық жаңа індетпен тұмауды ажырата алмай жатады. 2-3 жыл бұрын тұмау мен жедел респираторлық вирусты жұқтырғандар саны 1 млн-ға жетсе, 2019 жылы олардың саны 600 мыңды құрады. Оны екпе салумен байланыстыруға болады. Алматы қаласының емханаларында қыркүйек айының 15-нен бастап тұмауға қатысты екпе басталды. Екпе 6 айдан асқан балаларға салынады, - деді ол. 

Елемесованың айтуынша, биылғы жылы баласына екпе салдыратын ата-аналардың саны көбейіп жатыр. 

Сондықтан екпе салдырар алдында, ата-аналар дәрігер тексерісінен өтеді. Дәрігерлер медициналық қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда, дене қызуын өлшеп, ата-анасының екпені егу туралы қағаз жүзінде келісімі алынады. Екпе салынған соң, бала 30 минут дәрігердің қарамағында, кейін 2 күн аймақтық дәрігердің бақылауында болады. Тұмауға қарсы екпені қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін алған абзал. Вакцинаның қорғаныш әсері 14 күннен кейін пайда болады. Ол 12 айға дейін созылады, - деді ол. 

Оның айтуынша, соңғы 3 жыл бойы ресейлік вакцина қолданылады. 

Оны салғаннан бері 3 жылдың ішінде азаматтардың атынан ешбір арыз-шағым болмады. Екпе салынған балалар кез келген инфекцияны жеңіл түрде еңсереді. Алайда, екпе 100 пайызға респериторлық вирустан қорғай алмайды, бірақ, асқынуларды болдырмайды, - деді ол. 
0 пікір
Мұрағат