Қытай Қазақстан аумағын шөлге айналдыруы мүмкін
Қытай Қазақстан аумағын шөлге айналдыруы мүмкін
21 күн бұрын 1329 regnum.ru

Балқаш көлі Арал теңізінің тағдырын қайталайды, ал Іле мен Ертіс өзендерінің енді тұщы су көзі болмайды. Егер Қытай әрі қарай да Орталық Азияның су ресурстарын мәжбүрлі түрде алатын болса, Қазақстан осының бәрін басынан кешеді. Бұл жайында ehonews.kz ақпарат көзі мәлім етті.  

Осы жағдайды қарастыра отырып, Пекин әлі күнге дейін трансшекаралық су объектілері бойынша Халықаралық су ағынын әділ және ақылға қонымды түрде игеру мен қорғауды көздейтін қандай да бір халықаралық-құқықтық құжаттарға қол қойған жоқ. Сондықтан Аспан асты елінің билігі Қытайда 80%-ға жуық қалыптасатын Іле және Ертіс өзендері суының көп бөлігін қымсынбай-ақ алуда. 

Қытайға Орталық Азияның су ресурстары не үшін қажет? Барлығы түсінікті. Олар белсенді дамып келе жатқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округінің аумағына кіруді мақсат етеді, ал бұл шөлейт жерлерді сусыз дамыту мүмкін емес.

Аспан асты елі Балқаштан да судың үлкен көлемін алып жатыр, оны соңғы 50 жылда көлдің ауданы екі мың шаршы метрге қысқарғанын айғақтайды. Осыған байланысты Балқаш Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін, бұл, әрине, біздің мемлекетіміздің аумағының үштен бір бөлігін елеулі, әрі мерзімі шектелмеген салдарға әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасының ең ірі су қоймаларының бірі болып табылатын Қапшағай су қоймасына қатысты жағдайды да атап өткім келеді.

Атап айтқанда, Қытай тарабы салдарынан Қапшағай су қоймасындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі миллиард текше метрге төмендеді.

Осының бәрін ескере отырып, Егер Қытай Қазақстанның су ресурстарын одан әрі алатын болса, бұл аумақтардың шөлейттенуіне әкеліп соғады және ауыл шаруашылығын қажетті судан айырады. Мұндай саясат табиғат пен фаунаның құруына жеткізіп, елді апатқа әкеледі.

Халықаралық қатынастарды зерттеу орталығының сарапшысы Мұхтар Асанов, «Эхо Казахстана» үшін арнайы.

0 пікір
Мұрағат