Каспий теңізінің қауіпсіздігіне қатысты заң қабылданды
|
![Каспий теңізінің қауіпсіздігіне қатысты заң қабылданды](https://static.islam.kz/uploads/images/kYB/1ml/HT3Y4tDXVx27VkBl-lg.jpg)
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Каспий теңізінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық турасындағы келісімді мақұлдау жайындағы» заңға қол қойды.
«Қазақпарат» агенттігінің хабарына қарағанда, Қазақстан Республикасының парламенті «Каспий теңізінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық турасындағы келісімді мақұлдау жайындағы» заңды қабылдады. Аталмыш келісімге сәйкес тараптар Каспий теңізінің аумағында терроризммен және ұйымдасқан қылмыспен, сондай-ақ, заңсыз қару әрі жарылғыш, улы заттар, есірткі саудасымен, контрабандамен, қарақшылықпен, заңсыз көші-қонмен, биологиялық ресурстарды заңсыз тасымалдаумен (браконерлік) бірігіп күреседі. Аталмыш келісім Баку қаласында 2010 жылы Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей Федерациясы және Түркіменстан мемлекеттері арасында бекітілген болатын.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)