Еліміздің жеткіншегі Дубай шейхын тәнті етті
Еліміздің жеткіншегі Дубай шейхын тәнті етті
10 жыл бұрын 3548

Хромтау қаласының жас суретшісі Марсел бүкіл әлемдік Art Dubai көркем шығарма көрмесіне қатысып, туындыларымен галерея қожайыны – жергілікті билеушінің көзіне түсіп, талантына тәнті етті. Бұл жайында Vaktobe.kz ақпарат көзі хабар таратты. Шығармашыл тұлғаларға қанат бітіретін бұл шара дәулеті 39,5 млрд долларға бағаланған Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті әрі шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұмның қамқорлығымен наурыз айының 18-21 ккүндері аралығында өткен болатын. Марсел бағын сынаған аталмыш байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқысында әділқазылар алқасының мүшелері суретшілердің туындыларына баға береді. Екіншісінде – байқауға қатысушыларға екі сағат береді өздерінің алғашқы әсерін ақ кенеп бетіне түсіруі үшін. Екінші кезеңде Марсел екі картина салып тастайды. Шейх Марселге екі тілде жазылған энциклопедияны табыс етіп, өзіне қонаққа шақырады. Осы жазда шақыруды құп алған жас суретші анасымен бірге Дубайға тағы бір мәрте барып қайтуға бел буып отыр. Марселдің анасының айтуынша, шейх олардың жол ақысын, түсетін қоналқасының шығынын өзі көтеріп алады. Есесіне, ол резиденцияда салған екі суретін шейхқа тегін тастап кетеді. Осыдан кейін ол суреттер шейхтың көңілінен шықса, оларды көрмеге қояды.

0 пікір
Мұрағат