|
Елімізде ислами қаржылық қызмет көрсету кеңесінің саммиті өтеді
|
Келесі жылы, яғни, 2015 оңтүстік астанамызда ислами қаржылық қызмет көрсету кеңесінің саммиті өтетінін хабарлады BNews.kz ақпарат көзі ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасай отырып. ҚР ҰБ төрағасының айтуынша, Қазақстан елбасымыздың көреген саясатының арқасында Орталық Азия және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасында ислами қаржылық қызмет көрсету саласы бойынша жетекші орынға шыққан. Сондай-ақ, ол осынау айтулы жиында еліміздің ислами қаржы институттарының бірыңғай стандарттарын әзірлеуге атсалысатынын жеткізді. Бұған қоса, биыл ислами қаржы институттары үшін есеп және аудит жөніндегі ұйым стандарттарының негізінде бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнамалық базаның әзірленгенін тілге тиек етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды