Eл іші: Маңғыстаулықтар мұқтаж жандарға тегін нан таратуды қолға алды (видeо)
Eл іші: Маңғыстаулықтар мұқтаж жандарға тегін нан таратуды қолға алды (видeо)
8 жыл бұрын 2893

Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында мұқтаж жандар үшін нан тегін таратыла бастады. Бұл бастамаға «Атадан мирас» қоғамдық қоры мұрындық болып отыр. Сауда нүктесіндегі арнайы сөреге күн сайын 50 бөлке нан қойылады. Көмекке зәру қарияларға, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға ас атасы тегін таратылады. Тіпті, қарапайым тұрғындар да бұл сөрелерді өздері сатып алған нанға толтырып қоюды әдетке айналдырған. Енді мұндай дәстүр жақын арада барлық аудандар мен қалаларда жалғасын таппақ. Әлібек Мұсаев, қоғамдық қордың директоры: - Еріктілермен интернет желісіне жариялай бастаған кезде, тек кәсіпкерлер қолдайды деп ойлағанбыз. Студенттер де қолдап жатыр. Қарапайым халық та. Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің сөрелеріміздің бос болған күні жоқ. Өйткені біз күніне 50 нан қоямыз. Бір отбасы үйіне 1 нан алса, 2 нан сөреге қойып кетіп жатады. Бұл халқымыздың қайырымдылық іс-шараларға бейжай қарамайтындығын көрсетеді. Бақыт Қанназаров, Мұнайлы ауданының тұрғыны: - Бүгін ауданымыздағы дүкенге сауда жасауға келіп, «Қайырымды нан» акциясы жүріп жатқанын көрдім. Сол іс-шарадан қалыс қалмайын деп, нанға мұқтаж адамдарға көмектесейін деп шештім.

Қарағандыда тұрмысы төмен отбасыларға қажетті затар тегін таратылады

Қарағандыда тұрмыстық техника ыдыстар мен кітаптар тегін таратылып жатыр. Аймақтық іскер әйелдер кеңесі «Рахмет» атауымен қайырымдылық дүкенін ашты. Көпбалалы аналар бір ай бұрын есігін айқара ашқан сауда сөресінің тұрақты тұтынушысына айналған. «Күніне 10-ға жуық адам келіп, қажетті киім-кешек пен заттарын алып кетеді», - дейді дүкен қызметкері. Ал наурыз айынан бастап мұнда нан тегін таратыла бастады. Жергілікті кәсіпкер күнделікті қажетті көлемдегі нанмен қамтамасыз етіп отыр. Дүкен жұмыс істеп тұрған тұрмыстық техникаларды, киім-кешек, ыдыс, кітап пен түрлі қажетті заттарды қабылдап, жағдайы төмен отбасыларына таратады. Әлия Садырбаева, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы: - Бізде жұмыспен қамту орталығы бар. Солардың көмегімен біз тұрмыс жағдайлары төмен отбасылар туралы тізімді алып, барлығына хабарласып шақырдық. Келушілер өте риза.

Ерейментаулық ферма басшылығы жас мамандарға қызметтік үй салып бермекші

Ақмола облысында мал шаруашылығын дамыту үшін салаға жастар жағы көптеп тартылуда. Фермерлердің айтуынша, жас мамандардың да бұл салаға деген қызығушылығы көп. Себебі қазір шаруа қожалықтарында жұмыс автоматтандырылған, яғни бұрынғыдай адамның қол күшін көп қажет етпейді. Осындай фермалардың бірі – Ерейментау ауданындағы «Жаңа Береке» шаруашылығы. Новомарковка ауылының тұрғыны Александр Павленко аталған шаруашылықта төрт жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол осындағы техникалардың соңғы кезде едәуір жаңарғанына қуанышты. Себебі жаңа техника жем-шөпті өзі ұнтақтап, малдың астауына салып береді. Александрдың айтуынша, бұл жұмысты біршама жеңілдетеді. Александр Павленко, механизатор: - Жаңа техникамен жұмыс істей бергің келеді. Жалақымыз да жаман емес. Сондықтан мен бұл жерден ешқайда кетпеймін. Туған жерім де осы елдімекен. Ал ауылыңда осындай тұрақты әрі табысты жұмыс барда қалаға қарай ағылу деген әбестік болады. Шаруашылықта тек техника ғана емес, малды суару әдісі де жаңарған. Қырық градус аяз болса да, ірі қара астынан жылу беріп тұратын астаулардан жылы су ішеді. Шаруалардың айтуынша, бұл малға да, малды баққан жанға да өте ыңғайлы. Берік Сейтмұратов, «Жаңа Береке» шаруа қожалығы басшысының орынбасары: - Қазір бізде 1700 бас ірі қара бар. Оларды 3 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ал малдың бабын келістіру үшін малшылардың жағдайын жасай білу қажет. Өздеріңіз көрген техникалар мен малды жемдеудің жаңа әдістерді осыған дәлел. Айта кетейік, бүгінде бұл шаруашылықта 150 адам жұмыс істейді. Ал ферма басшылығы биыл жас мамандарға арнап 4 бірдей қызметтік үй салып бермекші.

0 пікір
Мұрағат