Ұшқыш-роботтарды аулайтын арнайы зеңбірек (видео)
Ұшқыш-роботтарды аулайтын арнайы зеңбірек (видео)
8 жыл бұрын 4094

Соңғы кездері жұрттың мазасын қашырған дрондарға қарсы құрал ойлап табылды. Өзгелердің әуе кеңістігін бұзып, заңсыз суретке немесе видеоға түсіретін ұшқыш-роботтарға қарсы британдықтар арнайы қару түрін ойлап тауыпты. OpenWorks Engineering компаниясының өнертапқыштары ойлап тапқан Skywall 100 зеңбірегін иыққа салып көтеру керек. Салмағы 10 келілік қару ішіне ау мен парашют салынған контейнерді аспанға атады. Зеңбірек 100 метр биіктікте ұшып бара жатқан дронды атып түсіре алады, деп хабарлайды iphones.ru. Ұшқыш-роботты аулау үшін оны қарудың смарт-нысанасы арқылы көздеу керек. Сол кезде ол дронның ұшу траекториясы, жылдамдығы мен арақашықтықты дәл анықтап береді. Сол уақытта шүріппені басып қалса жетіп жатыр. Дронға ұшып жеткен контейнердегі ау оны жан-жақтан қоршап қымтайды да, артынша парашют дронның жерге бүтін жеткізілуін қамтамасыз етеді.

 

0 пікір
Мұрағат