БҚО-да ауыл тұрғындары өз қаражаттарына жаңа мектеп тұрғызуда
БҚО-да ауыл тұрғындары өз қаражаттарына жаңа мектеп тұрғызуда
6 жыл бұрын 2674

БҚО Қазталов ауданындағы Қособа ауылында бастауыш мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірақ, жаңа мектепті мемлекет емес, ауыл тұрғындары өз қаражаттарымен тұрғызуда.

Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазталов ауданы әкімінің аппаратында мектептің құрылысы өткен жылы басталғанын хабарлады. Бірақ, жаңа мектеп бюджет есебінен емес, ауыл тұрғындарының қаражатымен бой көтеруде.

Олар мердігерді өздері тауып, бағасымен де келіскен. Тіпті, құрылыс материалдары да тұрғындардың ақшасына сатып алынды.

Бүгінде Қособа ауылында оқушылар білім алып жүрген орта мектеп бар. Бірақ, тұрғындар бастауыш мектептің бөлек болғанын қалап, кішкентай бүлдіршіндерге жаңа оқу орнын салып беруді жөн көрді. Бұдан басқа, жаңа мектепте шағын орталық ашу жоспарланып отыр екен.

«Бұл мектептің құрылысы былтыр басталған болатын. Тұрғындар бәрін өздері жасап жатыр. Оларға бюджеттен қаражат бөлінбеді, бірақ, демеушілер көмек көрсетіп, қаржыландыруда. Қазір қабырғалар толығымен тұрғызылып бітті. Жаңа мектепте 1-ден 4-ші сыныпқа дейіні оқушылары оқитын болады. Тұрғындар биыл мектептің төбесін жауып, қыста ішкі жұмыстармен айналысуды жоспарлап отыр», – дейді Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұреддин Құтхожин.

0 пікір
Мұрағат