Қазақстандықтардың жоғалған малын Samsung пен Lives’talk іздейтін болады
Қазақстандықтардың жоғалған малын Samsung пен Lives’talk іздейтін болады
6 жыл бұрын 3494

Жайылымға кеткен үй жануарларын іздеу бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Олардың нақты орнын, заманауи құрылғы көмегімен, бірнеше секундта анықтап беруге болатындығын, Корея елінің стартаперлері Cheil Kazakhstan және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының қызметкерлері айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл идея - Lives’talk тобының көшбасшысы Юн Янгченге тиесілі. Ол Қазақстандық фермерлердің күнделікті шаруасын қиындататын бұл проблеманы екі жыл бұрын анықтаған болатын.

«Шопандарға жоғалған малдарын алыстағы тау-тастардан 5-6 сағат бойы іздеуге тура келеді. Бұл ойға сыйғысыз бейнет» – дейді Янгчен.

Корейлік маман фермерлерге көмектесу жолын іздеп тапты. Идея негізі заманауи технологияны пайдаланудан тұрды – таратушысы бар мойыншақ, қабылдағыш пен смартфон.

Жануарға байланған таратқыш, оның тұрған нақты орны туралы мәліметті фермердегі қабылдағышқа жібереді және Bluetooth арқылы ақпарат мобильдік құрылғыға түседі.

Lives’talk тобы өз жобасын, 1865 стартапер бәсекелескен Samsung Tomorrow Solution байқауына ұсынды. Samsung Tomorrow Solution – бұл 2013 жылдан бастап 7000 команда және 30 000-нан астам қатысушы жарысқан, әлеуметтік бастамалар байқауы. Қазіргі таңда Samsung Electronics жалпы сомасы миллиард корейлік вонға жуық қаражатты ($900,000) Samsung Tomorrow Solution байқауының 40 жеңімпазына сыйлап, одан әрі идеяларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетті.

Янгчен тобы бұл байқауда бірінші орынды иеленді. Ал бұл өз кезегінде, шамамен екі мыңнан астам кейстер ішінде, Қазақстандағы мал шаруашылығы саласындағы мәселелер Samsung штаб-квартирасының назарынан тыс қалмады дегенді білдіреді.

Компания жобаны жүзеге асыруда, қаражат жағынан қомақты қолдау көрсетуде – ағымдағы жылы жоба шығындарына 300 000 АҚШ доллары жұмсалса, келер жылы 500 000 доллар бөлінбек. Жыл бойы Lives’talk тобына техникалық жағынан Samsung C-Lab қызметкерлері көмек береді.

Әзірге прототиптің өзіндік құны 10 мал басына толық құрылғысы 700 доллар тұрады. Стартаперлер өнімнің соңғы шығарылымына дейін бұл шығындарды 300 долларға дейін төмендетпек және де жобаны Әлемдік банк пен Азиялық даму банкінен субсидиялар алу мүмкіндігін көздеп отыр.

Тарату құрылғысы, әрбір 10 секунд сайын ақпарат тарату жиілігінде, үш күнге дейін қызмет етеді. Қызмет көрсету радиусы – 5-6 километр. Қабылдағыш құрылғы бір мезетте 1600 таратушы құрылғыдан ақпарат қабылдай алады. Бірақ, бұл бастапқы ғана сипаттамасы.

«Біз құрылғыны тексеруден өткізіп жатырмыз. Толықтыруды талап ететін функциялары бар. Мәселен, пайдалану талаптарына сай жұмыс істеу мерзімін екі-үш аптаға созу керек. Соңғы өнім түрін, келесі жылдың көктем мезгілінде ұсынуды жоспарлап отырмыз», – дейді Янгчен.

Өз сөзінен, 2019 жылға жоспар келесідей: жаңа өнімді Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Мыңжылқы және Қызылорда жерлерінде 50 мал шаруашылықтарында тестілеу. Келесі кезеңде тағы бірнеше аудандар қамылатын болады.

Янгченнің айтуынша, құрылғы тестілеуден өтіп жатқан жер, Мыңжылқы табиғаты, өзіндік сәнімен таң қалдырған екен.

«Бұл жердің керемет таулары мен ормандары арасында, әлемді қазіргіден де жақсырақ етуге құштарлығың оянады екен!», – дейді Янгчен.

0 пікір
Мұрағат