Қытай шағын елдерді бір оқ шығармай қалай отарлап алуда
Қытай шағын елдерді бір оқ шығармай қалай отарлап алуда
6 жыл бұрын 8287 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай экономикасы кері кеткен елдерге көл-көсір несие беріп, отарлауға кіріскен. Қытай несиесін өтей алмайтын елдердің өзі біршама. Бұл жайында британдық The Sun ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген мәліметі бойынша Пәкістаннан бастап, Жибути, Мальдива, Папуа-Жаңа Гвинея, Фиджи және Самоа секілді шағын елдер Қытайға көп қарыз. Сондай-ақ, қарызды молынан алған шағын елдердің қатарында Қырғызстан да бар - 1,5 млрд доллардан аса қаржыны қайтара ала ма? Қарызын өтей алмаған елдер стратегиялық активтерін қытайлардың бақылауына өткізіп құтылады немесе ел аумағында қытайлардың әскери базасын ашуға көнеді. Мұның бір жарқын мысалы ретінде Шри-Ланканың басындағы жағдайда алуға болады. Бір миллиард доллардан аса қарызды қайтара алмаған Шри-Ланка билігі Қытай үкіметіне тиесілі компания иелігіне айлағын 99 жылға беруге мәжбүр болып отыр. Жибути басындағы жағдай да осыған ұқсас. Осы жылдың сәуір айында Қытай тарапы Вануату (Океаниядағы шағын мемлекет) билігіне аталмыш елдің аралында әскери база ашуды ұсынған. Вануату Қытайға 245 млн доллар қарыз. 

 Шри-Ланкідегі қытайлардың иелігіне өтекен Хамбантота айлағы 

Вануатудағы мына айлақ қазіргі уақытта қытай қаржысы есебінен қайта салынып жатыр

0 пікір
Мұрағат