Анасынан қорыққан 5 жасар баланың тілі шықпай қалған
Анасынан қорыққан 5 жасар баланың тілі шықпай қалған
9 жыл бұрын 3082 Times.kz

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында екі баласына суық қараған әйел аналық құқығынан айырылып, балалар әкесінің қамқорлығына өтті.

Ауданаралық мамандандырылған мекеме өкілі Майра Үрістембаеваның айтуынша, балалардың ата-анасы екі жыл бұрын ажырасып кеткен. Кейін әкесі балалардың тұрғылықты мекен жайын анықтамақ болады. Балалардың үлкені 5, кішісі 3 жаста. Тексеру барысында, 5 жасар баланың әлі күнге дейін сөйлей алмайтыны анықталды.

Кейін арнайы шақырылған психоневрологиялық диспансердің дәрігері баланың әлі күнге дейін сөйлемей жүруінің себебін айтты. Сараптама нәтижесінде, анасының балаға суық қарап, мейірім танытпағанынан баланың психикалық дамуы тежеліп, сөйлей алмай қалған. 5 жасар бала әлі күнге дейін күлімсіруден артық әрекет жасай алмайды.

Ал балалардың мүлде қараусыз қалғанын бұрынғы күйеу баласына қайын атасы жеткізеді. Ол қарттығына байланысты кішкентай сәбилерге бас-көз бола алмайтынын айтқан.

Мамандар баланың әке қамқорлығына берілуі сирек кездесетін жағдай екенін жасырған жоқ. Үйін өте салақ ұстап, балаларына салғырт қараған ана ата-аналық құқығынан айырылды.

0 пікір
Мұрағат