Ажырасудың себептері айтылды
Ажырасудың себептері айтылды
9 жыл бұрын 6544

«Біз отбасын сақтау жағындамыз» деп аталатын коалиция өкілдері еліміздегі ажырасудың негізгі себептерін айтты. «Негізгі себептердің бірі – белсіздік, сонымен қатар, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, материалдық жағдайдың болмауы, ерлі-зайыптылардың бірінің дертті болуы», - деді Қазақстан Республикасы президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Шолпан Сыздықова осы мәселеге қатысты өткен мәжілісте. Сондай-ақ, мамандар отбасы құндылығының болмауы да, тарқатып айтқанда, ішімдік, есірткі, ғаламторға тәуелділік секілді факторлардың да ажырасуға себепкер болатынын жоққа шығармайды. «Статистика көңіл жұбатарлық емес. Статистика жөніндегі агенттіктің келтірген мәліметіне қарағанда тек 2014 жылдың өзінде 159 328 неке тіркелсе, сол жылы 52 673 ажырасу орын алған. Сол жылы неке қидырғандар ғана ажырасты тек ұқпау керек мұны. Жас жұбайлар ғана емес, сонымен қатар, бірнеше жыл отбасын құрғандар да ажырасып жатыр», - деді аталмыш комиссия жетекшісінің орынбасары әрі депутат Елена Тарасенко. Мәжіліске қатысқандар мектеп жасындағыларды отбасы өміріне дайындау идеясын қолдады.

1 пікір
  • Ер адамның отбасының алдындағы жауапкершілігін де атап айту керек. Нәпсісін де тыю керек. Нәпсісінің құлы болған еркек отбасын қиратпай қоймайды.
    9 жыл бұрын
Мұрағат