Синтетикалық «тірі» жасуша жасалды
Синтетикалық «тірі» жасуша жасалды
2 жыл бұрын 1716 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Алынған синтетикалық жасуша немесе протоклетка. Қара фонда қызыл жиек мембрана болып табылады. Ядро көк түспен белгіленген, қызыл жіптер - цитоскелет, қызыл шеңбер - ядро ​​вакуолі. Жасыл нүктелер мен сызықшалар – энергияға бай АТФ молекулаларының өндірісі

Бристол университетінің ғалымдары синтетикалық зукариоттық жасушаларды (Эукариоттар – құрамында ядросы бар организмдер. Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ, бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді – Уикипедия электронды анықтамадан) жасады. Бұл жайында islam.kz порталы bristol.ac.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Синтетикалық жасуша табиғи түрі секілді барлық өзіне тән функцияларды орындай алады. Соның ішінде энергия істеп шығарады әрі генді экспрессиялайды (Геннің экспрессиясы - бұл геннің тұқым қуалайтын ақпараты ( ДНҚ нуклеотидтер тізбегі) функционалды өнімге - РНҚ немесе ақуызға айналатын процесс – Уикипедия электронды энциклопедиядан). Ғалымдардың бұл жолғы жетістігі – биотехнология саласындағы аса маңызды жаңалық. Жасуша синтезі үшін екі бактерия колониясы пайдаланылды. Олар тұтқыр сұйықтықтың бос микротамшыларымен араластырылды. Микроорганизмдердің бір тобы олардың ішінде, екіншісі – беткі жағында болды. Осыдан кейін бактериялар жойылып, олардың жасушаларының құрамдас бөліктерінен мембранамен жабылған протоклеткалар жиналды. Оларға, тіпті, табиғи амеба пішіні берілді. Жаңа синтетикалық жасушалардың биомоделдеуді, биотехнология мен медицинаны дамытуға пайдасы ұшан-теңіз.

Сезімталдықты қалпына келтіру үшін діңгекті жасушаларды қайта бағдарлауға болады

Ғалымдар зертханада діңгекті жасушалардан сенсорлық аралық нейрондардың барлық түрлерін алу әдісін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ең алдымен Лос-Анджелес мегаполисіндегі Калифорния университетіне қарасты Регенеративті медицина және діңгекті жасушаларды зерттеу орталығының мамандары діңгекті жасушаларды қайта бағдарлауға арналған «жол картасын» әзірледі. Бұл арада діңгекті жасушаларды жанасуды, ауруды немесе қышуды сезуге көмектесетін сенсорлы интернейронға айналдыру әдісі турасында сөз болып отыр. Тышқанның ұрығындағы діңгекті жасушалары қолданылатын зерттеуде ғалымдар зертханада сенсорлық аралық нейрондардың барлық түрлерін жасау тәсілін де меңгерді. Егер олардың функцияларын адамның діңгекті жасушалары арқылы көшіруге болатын болса, бұл жұлын жарақатынан зардап шеккендердің сезімін қалпына келтіру үшін терапияны дамытудағы маңызды қадам болар еді. Жұлындағы сенсорлық аралық нейрондар бүкіл денеден орталық жүйке жүйесіне сенсорлық ақпаратты беру үшін жауап береді. 2018 жылы неврология профессоры Саманта Батлердің зертханасы адам ұрығының және индукцияланған плюрипотентті діңгекті жасушаларынан сенсорлық интернейрондарды жасаған алғашқы топ болды. Содан кейін жобаның ғалымдары олардың кейбір қосалқы түрлерін ғана қалай шығару керектігін анықтады. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеуге қатысты хаттаманы енді ұсынып отыр. Оны сенсорлық аралық нейрондардың алты кіші түрінің әрқайсысына дифференциациялауға (саралауға) діңгекті жасушаларын бағыттау үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, осы хаттамаларды қолдану арқылы жасалған интернейрондар генетикалық және молекулалық тұрғыдан денедегі нақты аналогтарынан ерекшеленбейді. Сондықтан ғалымдар жасушалардың сенсорлық функциялары бірдей болады деп есептейді.

Ұқсас материалдар:

"Жасанды жасуша жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-jasusha-jasaldy-15743/#gsc.tab=0);

«Вирусқа бой бермейтін жасанды гені бар жасуша жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/virusqa-boi-bermeitin-jasandy-geni-bar-jasusha-jasaldy-15331/#gsc.tab=0);

"Жасанды ген тізбегін жасаудың жаңа тәсілі пайда болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-gen-tizbegin-jasaudyn-jana-tasili-paida-boldy-14810/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар жасуша қозғалысын басқаруды меңгерді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jasusha-qozgalysyn-basqarudy-mengerdi-15079/#gsc.tab=0);

"Жасушалардың қоректік заттарды қармау тетігі анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalardyn-qorektik-zattardy-qarmau-tetigi-anyqtaldy-16283/#gsc.tab=0);

"Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-olgennen-keiin-belsendi-areketke-koshetin-zombi-jasushalar-tabyldy-15012/#gsc.tab=0);

«Жасуша жойылса да органелла тіршілігін жалғастыра береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-joiylsa-da-organella-tirshiligin-jalgastyra-beredi-14867/#gsc.tab=0);

"Жасушалардың ағзаны қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме?" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalardyn-agzany-qalai-qalyptastyratynyn-korginiz-kele-me-video-16435/#gsc.tab=0);

«Жасушаның жылжу тетігі анықталды. Бұл қатерлі ісіктің таралуын бақылауға мүмкіндік береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushanyn-jylju-tetigi-anyqtaldy-bul-qaterli-isiktin-taraluyn-baqylauga-mumkindik-beredi-15997/#gsc.tab=0);

"Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі"  (https://islam.kz/kk/news/gylym/gylym-alemindegi-en-azaly-korinis-jasushanyn-olui-video-12496/#gsc.tab=0); 

«Жасушаның өзін қоршаған ортада қалай жылжып, қалай бағдар алуына көмектесетін ақуыз табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushanyn-ozin-qorshagan-ortada-qalai-jyljyp-qalai-bagdar-aluyna-komektesetin-aquyz-tabyldy-15081/#gsc.tab=0);

«Тұңғыш рет жасуша ішіне датчик енгізілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-jasusha-ishine-datchik-engizildi-fotovideo-13681/#gsc.tab=0);

"Жасуша ішінде жұмыс істейтін антенна жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-ishinde-jumys-isteitin-antenna-jasaldy-17440/);

«Жасушалар өз-өзін «емдеп» қалпына келе алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalar-oz-ozin-emdep-qalpyna-kele-alatyn-bolyp-shyqty-14337/#gsc.tab=0);

«Адам денесі секундына қанша млн жасуша істеп шығарады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-denesi-sekundyna-qansha-mln-jasusha-istep-shygarady-14781/#gsc.tab=0);

«Діңгекті жасушалардан шәуһат жасалды. Бұл белсіздік пен бедеулікті емдеуде көмектеседі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dingekti-jasushalardan-shauhat-jasaldy-bul-belsizdik-pen-bedeulikti-emdeude-komektesedi-15925/#gsc.tab=0);

"Аналық жасуша шәуһатты өзі таңдап-талғап қабылдайтын болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/analyq-jasusha-shauhatty-ozi-tandap-talgap-qabyldaityn-bolyp-shyqty-13712/#gsc.tab=0);

«Бактериялық жасуша өздігінен өлмейді. Ал адам жасушасы белгілі бір мерзімнен кейін өледі. Неге?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalyq-jasusha-ozdiginen-olmeidi-al-adam-jasushasy-belgili-bir-merzimnen-keiin-oledi-nege-14369/#gsc.tab=0);

«Жасушаның биологиялық электр алаңын өзгертетін құрылғы жасалды. Обыр мен өзге ауруларды емдеуге көмектесетін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushanyn-biologiyalyq-elektr-alanyn-ozgertetin-qurylgy-jasaldy-obyr-men-ozge-aurulardy-emdeuge-komektesetin-16278/#gsc.tab=0);

"Қолдан адам иммунитетінің жасушасы өсірілді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qoldan-adam-immunitetinin-jasushasy-osirildi-13011/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0);

«Иммундық миелоидтік жасуша жас ұлғайған сайын организмге тек зиянын тигізетін болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/immundyq-mieloidtik-jasusha-jas-ulgaigan-saiyn-organizmge-tek-ziyanyn-tigizetin-bolyp-shyqty-14816/#gsc.tab=0);

«Жаңа иммундық жасуша демікпе мен аллергияға қарсы күресте төтеп беруге көмектеседі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-immundyq-jasusha-demikpe-men-allergiyaga-qarsy-kureste-totep-beruge-komektesedi-13792/#gsc.tab=0);

«Тарихта тұңғыш рет адам жасушасы мен тіні жасанды жолмен жасартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tarihta-tungysh-ret-adam-jasushasy-men-tini-jasandy-jolmen-jasartyldy-13374/#gsc.tab=0);

«Ирандықтар жасушалы терапияның отандық өнімін жасады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/irandyqtar-jasushaly-terapiyanyn-otandyq-onimin-jasady-16223/#gsc.tab=0);

«Жасшуға қатысты соңғы, тың жаңалықтар» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasshuga-qatysty-songy-tyn-janalyqtar-16134/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат