Тарихта тұңғыш рет адам жасушасы мен тіні жасанды жолмен жасартылды
|
![Тарихта тұңғыш рет адам жасушасы мен тіні жасанды жолмен жасартылды](https://static.islam.kz/uploads/images/jqr/mCW/5c7c0z3LgtxqGfuI-lg.jpg)
АҚШ-тағы Стэндфорд университеті ғалымдарының адам жасушасы мен тінін діңгекті жасушада кездесетін ақуызды пайдалана отырып жасарту үшін жүргізген тәжірибесі сәтті аяқталды. Бұл бағыттағы зерттеу мақаласы Nature мерзімді басылымында жарияланды. Молекулярлы биологтер «кәрі» жасушаны ұрық, яғни, эмбрионалды жасушаның қалыптасуына ықпал ететін, "Яманака факторлары» деп аталатын ақуызбен «өңдеген». Бұл ақуыз жасушаны «жасартқаны» соншалық, оның өзінен жас жасушалардан еш айырмашылығы болмаған. Тарқатып айтсақ, ғалымдар жасушалар істеп шығарған «Яманака факторларынан» молекулярлы құраммен қарт адамдардың дәнекер тіндері мен тері үлгілерін, тышқанның бұлшық етін өңдеуден өткізді. Нәтижесінде жасушалар 3-7 жылға жасарып шыға келді. Жасушалардың жасарғанына көз жеткізу үшін ғалымдар жасуша ДНК-сының ақуыз қабығының құрылымына үңілген. Бұдан бөлек, олардың жасарғаны қызмет ету белсенділігінен де байқалған болатын. «Жасарған» бұлшық етті кеміргіштердің организіміне кіріктіргенде жас жануарлар секілді күш-қуатқа ие болды. Ал «жасарған» жасушаларды адамдардың сіңірі мен терісіне кіріктіргенде қоректік заттарды жақсы сіңіретін болды.
Қарай отырыңыздар:
Ғалымдар адамды ДНК деңгейінде тұңғыш рет жасарта алды
(сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-adamdy-dnk-dengeiinde-tungysh-ret-jasarta-aldy-12354#gsc.tab=0)
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)