Жасушаның биологиялық электр алаңын өзгертетін құрылғы жасалды. Обыр мен өзге ауруларды емдеуге көмектесетін
Жасушаның биологиялық электр алаңын өзгертетін құрылғы жасалды. Обыр мен өзге ауруларды емдеуге көмектесетін
2 жыл бұрын 1981 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Витерби университетінің инженерлік мектебінің ғалымдары айналасындағы биологиялық электр алаңын манипуляциялай алатын молекулярлық деңгейде құрылғы жасады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.rsc.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үш бұрын түріндегі жаңа құрылғы екі молекуланың қосындысынан тұрады, ол вирустан едәуір шағын – ДНҚ жібінің диаметріне шақ келеді. Ол жасуша мен тінге зиянын тигізбейді. Көміртек атомының қысқа тізбегімен қосылған екі молекуланың әрбіреуінің өз функциясы бар: біреуі «датчик» немесе  детектор секілді әрекет етеді - қызыл жарық қосылғанда локалды (жергілікті) электр алаңын өлшейді; ал екіншісі – көк түсті жарықтан қосымша электрон генерациялайтын модификатор ретінде алға шығады. Бұл құрылғы адамдароға арналмаған, ол тәжірибе( in vitro) үшін ішінара жасуша мембранасының ішінде және сыртында болады. Өйткені, молекула тінге еніп, оның электр өрістерін инвазивті емес жолмен өлшейтін және нейрондық желілердің аса жылдам және жоғары деңгейде 3D кескіндерін жасау мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде ғалымдарға қан қысымы мен оттегі секілді жағдайлардың өзгерісін қадағалауға, жаңа дәрінің тиімділігін тексеруге, т.б. көмектеседі. Өзге құралдарға қарағанда ол жасушаларды зақымдап алмай немесе генетикалық манипуляцияға жүгіндірмей-ақ өз функциясын атқарады. Ол бірыңғайда микроскопты алмастыратын визуализацияның көп қырлы агенті ретінде алға шығады. Жаңа әдісті биологиядан бастап, неврология мен физиология салаларында да қолдануға болады. Бұған қоса, модификатор молекула жасушаның электр алаңын өлшей отырып, нысанаға алған нүктені зақымдай алады. Бұл каскадты эффектіні анықтауға қатысты болашақтағы зерттеу жұмыстарына көмегін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат