Жасшуға қатысты соңғы, тың жаңалықтар
Жасшуға қатысты соңғы, тың жаңалықтар
2 жыл бұрын 2467 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті
Жасуша көлемін бақылау арқылы жас ұлғайған сайын болатын аурулардың алдын алуға болады

Массачусет технологиялық институтының биологтері діңгекті жасушалардың  үлкеюінен жасушалардың бөліну процесі нашарлайтынына көз жеткізді. Ғалымдардың пайымдауынша, жасушаны бастапқы көлемінде ұстаудың қатерлі ісікке және ақ қан (лейкемия) ауруына шалдыққан науқастарға көмегі тиеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы ғылыми ізденіс кезінде ғалымдар анықтағандай, қан істеп шығаратын діңгекті жасушалардың үлкеюі қартаюға итермелейтін фактор ретінде алға шығады. Жасушалардың бөліну процесі ДНҚ құрылымын бұзады, осыны болдырмау үшін жасушалар бөлінуді тоқтатып, өсе бастайды. Жас ұлғайған сайын олардың көлемі де ұлғайып, осының нәтижесінде көшіру процесі баяулайды. Жасушалардың көлемі олардың бөліну процесіне қалай әсер ететінін тексеріп көру үшін ғалымдар тышқандарға тәжірибе жүргізіп көрген екен. Бұл мақсатта олар ДНҚ-ны екі түрлі әдіспен өзгертеді. Нәтижесінде жасушалардың бірқатары үлкейіп, қалғаны өсу қабілетінін айырылып қалған болатын. Кейіннен ғалымдар модификацияланған жасушалардың қан жасушаларын қаншалықты тиімді өндіретінін салыстырып көрген екен. Жасушалардың өсуін тоқтату үшін ғалымдар тәжірибедегі кеміргіштің бойына рапамицинді (тарихы қызық дәрі,  антибиотик ретінде ашылғанымен ол аз уақытта ммуносупрессорға айналды, артынан обырға қарсы қолданылатын болды. Кәрілікке қарсы дәрі ретінде белгілі. Бактерияның метаболизмінінен (зат алмасу процесінен) пайда болатын зат) енгізіп көреді. Бұдан бөлек, рапамицин организмге трансплантациялаған бөгде ағзаның жатсынбауы үшін пайдаланылады. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, рапамицинмен ДНҚ-сы өңделген тышқан жасушасының бастапқы көлемі сақталған. Осы процестің арқасында тышқандар үшін ең егде жас юолып саналатын үш жастағы кеміргіштің өзінің ДНҚ-көшіру процесі белсенділік танытқан.

Жасуша ішіндегі процестерді бақылауға мүмкіндік беретін технология (фото+видео)

EPFL (ШвейцариядағыЛозанна  федералды политехникалық мектебі) ғалымдары жасушалардың белсенділігін қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа технология пайда болады. Аталмыш технология көмегімен мембрананың екі жағында болып жатқан процестерді бақылауға болады. Бұл жайында islam.kz порталы actu.epfl.ch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша әлемде тұңғыш рет нақты уақыт аралығында жасушаның өз ішіне енетін сыртқы нысандармен қалай өзара әрекетке баратынын қадағалауға мүмкіндік беретін технология пайда болды. Бұл әдіснама иондық өткізуге негізделген сканерлеуші микроскопия атауына ие болды. Бұл технологияның негізінде бір-бірінен айрықшаланатын бұрыннан бар екі технология жатыр. Сканерлеуші ​​зонд микроскопиясында зонд зерттелетін нысанға енуі керек, бұл жасушаны зақымдайтындықтан ол наноөлшемді шыны зондпен ауыстырылды. Ол жасушаға жанаспай-ақ мембрананың беткі жағындағы иондар тасқынының қозғалысын өлшей алады. Екінші технология – жасуша ішіндегі процестерді көрсететін оптикалық флуктуацияға негізделген стохастикалық визуалау әдісі. Аталған екі технологияны қатар қолдану арқылы ғалымдар жасуша мембранасының екі жағындағы аймақтың «шекарасының» үш өлшемді моделін жасай алды. Ғалымдар осылайша жасуша ішіндегі молекулярлық құрылымның оның мембранасынан өтетін насындармен қалай әрекеттесетінін қадағалай алды; жасушаның қоректік заттарды қалай сіңіретінін де, бактерияны қалай жұқтыратынын да, өзге жасушалармен қалай байланысатынын да көре алды.

Клетки

 

 

0 пікір
Мұрағат