Аналық жасуша шәуһатты өзі таңдап-талғап қабылдайтын болып шықты
Аналық жасуша шәуһатты өзі таңдап-талғап қабылдайтын болып шықты
4 жыл бұрын 3864 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Стокгольм университетінің ғалымдары әйел жатырының химиялық сигналдың көмегімен белгілі бір еркектің шәуһатын таңдап-талғап қабылдайтынын анықтады. Осылайша ұрықтануы үшін болашақ ерін таңдауда қандай еркекке артықшылық беретінін шешетін әйелдің талғамына әсер етеді. «Адамның аналық жасушасы сперматозоидті тартатын химиялық қосындыны – хемоаттрактант бөліп шығарады. Бұл химиялық сигналды сперматозоидты іріктеу үшін пайдаланатынын немесе пайдаланбайтынына көз жеткізгіміз келді»,- деп мәлімдеді аталмыш зерттеуге қатысқан ғалымдардың бірі Джн Фитцпатрик. Бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар алдымен аналық жасушаны қоршап тұратын әрі хемоаттрактантты қамтитын фолликулярлық сұйықтыққа қатысты сперматозоидтың реакциясын зерделеп көрген екен. Нәтижесінде фолликулярлық сұйықтық тек белгілі бір ерлердің шәуһатына ғана артықшылық беретіні белгілі болды. Аталмыш зерттеу авторларының пайымдауынша, жатырдың бұл ерекшелігі өз кезегінде нақты бір әйелдің немесе ер адамның индивидтік ерекшелігімен байланысты. Шәуһаттың бір ғана міндеті бар: жатырды ұрықтандыру. Ал аналық жасуша оның генетикалық тұрғыдан жақсысын таңдап ала алады. Бұл жаңалық несімен құнды? Ол әйелдің бала көтеруге қолайлы кезеңін түсінуге әрі перзент сүйе алмай жүрген кей ерлі-зайыптылардың бедеулік пен белсіздік мәселесін шешуге көмектесуі мүмкін. Бұл жайында оріс тілінде хабар тарататын popmech.ru ақпарат көзі мәлім етті. 

0 пікір
Мұрағат