Ирандықтар жасушалы терапияның отандық өнімін жасады
Ирандықтар жасушалы терапияның отандық өнімін жасады
2 жыл бұрын 1855 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ақтаңдақ (витилигия) деп аталатын тері ауруын емдеуге арналған ирандық жасушалы алғашқы өнім – Рикалерсел тағам және дәрі-дәрмек өнімдеріне бақылау орнату жөніндегі министр орынбасарының мақұлдауымен елдің дәрі-дәрмек тізіміне енді. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тек осы заманғы озық технология жетістіктерімен ғана өндірілетін мұндай дәріні әзірлеген компанияның бас директоры Мұхаммед Хұсейн Зырақтың айтуынша, псиораздан тері пигментін жасауға жауапты жасуша қызметі бұзылады, нәтижесінде тері пигмент (меланин) істеп шығару қабілетінен айырылады. Осылай дей келе тіннің түсі жоғалып, теріде ақтаңдақ пайда болады. Тері ақдаңдағы күллі әлем тұрғындарының 18 пайызында кездеседі. Бұл көрсеткіш жылдан ылға артып келеді. Бұған қоршаған ортаның ластануынан бастап стреске дейінгі, түрлі дерттердің салдарынан болатын факторлар себеп болуда. Тері ақдаңдағы кез келген жаста пайда болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат