Папуастар ислам дінін қабылдап, адам сенгісіз өзгерістерді бастан кешірді (фото)
Папуастар ислам дінін қабылдап, адам сенгісіз өзгерістерді бастан кешірді (фото)
7 жыл бұрын 8519 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көшпелі өмір салтын ұстанатын индонезиялық тайпаның бірнеше мүшесі жақсы өмірден үміт етіп, ислам дінін қабылдады. Оранг Римба тайпасының өкілдері тілдерін кәлимаға келтіргеннен кейін аты-жөндерін мұсылманша есімге ауыстырды. Көп ұзамай жаңа төлқұжат алатын болады. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Аталған тайпаның балалары күн сайын жиналып, қасиетті Құранға ден қойып, асыл дініміздің негіздерін зерделеп жүр. Меценат мұсылмандар тарту еткен орамалды бастарына тартқан қыз балалар мен тақия киген ұл балалар дәріс тыңдап жүр. Айта кетейік, ислам дінін қабылдаған тайпа мүшелері қатты өзгерген. Олар бұрын жартылай жалаңаш жүретін болса, қазіргі уақытта көпшілік жиналған жерлер мен көшеге толық киініп шығады, бұл - бір, екіншіден, гуманитарлық және қайырымдылық көмек жиі келеді мұсылмандар тарапынан. 

 

Pictured: Children from the tribe, which was historically nomadic, sit in fixed huts to learn about their new religion 

Pictured: The youngsters gather to recite the Koran in the Batang Hari district of Jambi province

Pictured: Village life among the converts 

0 пікір
Мұрағат