Кристалл пластырь денсаулығыңызды қадағалауға мүмкіндік береді
Кристалл пластырь денсаулығыңызды қадағалауға мүмкіндік береді
10 жыл бұрын 3451

Жаңа интелллектуалды мата теріңіз құрғап кетсе немесе денсаулығыңызда өзге де кінәрат пайда болса, түсін өзгертіп, сізге «хабар» береді. Урбана-Шампейн қаласындағы Иллинойс штатының университетінің және Солтүстік-батыс университетінің мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш құрылғы, сондай-ақ, жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі ақауды да дер кезінде «ескертеді». Бұл құрылғының тағы бір артықшылығы сонда, теріңіз жазылатын немесе «тартылатын» болса, ол да сондай қалыпқа түседі. Яғни, теріңіздің қолайына қарай өзгеріп  отырады. Бұған қоса, дене температурасын, ылғалдылығын, қан айналымының жылдамдығын қадағалауға, сондай-ақ, арнайы алгоритм медициналық ақпаратты 30 секундтың ішінде алуға мүмкіндік береді. «Ақылды» пластырь 3600 сұйық кристалдан тұрады. Теріңіздің термикалық ерекшелігін анықтауға көмектесетін сымсыз жүйе электрлі магниттік толқынның есебінен жұмыс істейді.

 

0 пікір
Мұрағат