|
Католиктер мұсылмандармен зиратын бөлісті
|
Қазы Әлі есімді австралиялық мұсылман жамағатының жетекшісі осыдан 40 жыл бұрын орасан зор күш-жігерімен ашқан Роквудтағы мұсылмандар мазарында адам жерлейтін орын қалмағанын уайымдай бастаған еді. 1980-ші жылдары ол өзінің жолдастарымен (олардың көбісі аталған мазарда жер қойнына тапсырылған) осы зиратты ашқан еді. Сидней қаласындағы мұсылмандар мазарында он шақты адамға ғана орын қалған болатын. Оның қиналып жүргенін көрген аталған елдегі католик мазарын басқаратын ұйым жетекшісі Питер О’Мир Сидней қаласының батысында орын тепкен Кемпс Крик мазарынан мұсылмандарға 4500 орын бөліп бергізді. Бұл жайында Sydney Morning Herald ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Екі саусақ санына жетпейтін жылдарда мұсылмандар қарасы христиандар санынан асып түседі
■
Бионикалық қолды сүйекке және жүйке жүйесіне жалғады