|
Ислами қолжазбалар сандық көшірмеден өтті
|
Принстон университеті ғаламторға Виржиния мен Ричард Стюарт мемориалдық қорының көмегімен, дәлірегі, грантымен ислами қолжазбалардың мол қорын салды. Он екі мыңнан аса сандық көшірмеден өткен қолжазбаларды аталмыш жоғары оқу орнының сандық кітапханасынан оқуға болады. Қолжазбаларды сандық көшірмелерден өткізу әлі жалғасуда. Айта кетейік, Принстон университетінің кітапханасында ислами қолжазбаның мол қоры бар. Дәлірегі, аталмыш университеттің кітапханасында шамамен 10 мыңға жуық ислами қолжазба сақтаулы тұр. Османлы, парсы, араб және өзге тілдердегі қолжазбаларда ислам ілімінің барлық аспектісі қамтылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады