«Енесін» қартайтатын планета табылды
«Енесін» қартайтатын планета табылды
10 жыл бұрын 3633

Ғарыштан өз енесін (ана жұлдызды) оның магниттік өрісін біртіндеп жою арқылы қартайтатын экзотикалық планета табылды. Нәтижесінде ол өзінің жасына сай емес мінез танытуда. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, WASP-18b атауы берілген, осындай агрессивті мінезі үшін ол экстремалды планета аталған. Аталмыш планета жарқыраған Шолпанның ең массивті әрі өз енесіне ең жақын орналасқан планета болып табылады. Италияның Палермо қаласындағы ұлттық астрофизика институтының жетекші ғалымы  Игнацио Пиллиттеридің айтуынша, жарық жылдамдығымен есептегенде жерден шамамен 330 жыл қашық жатқан бұл планетаның салмағы да орасан – күннің салмағымен пара-пар десе де болады. Ол Шолпаннан 10 есе артық салмаққа ие. Планета өз енесін 23 сағатта айналып шығады. Ғалымдардың пайымдауынша, WASP-18b өз енесін жойып барып, жоғалады. Яғни, шамамен әлі бір миллион жыл «өмір сүреді». Бұл жайында Space.com ақпарат көзі хабар таратты. Chandra NASA рентген обсерваториясының көмегімен осынау планетаны бақылаған ғалымдар енесінің өзін сабырлы ұстайтынын, ал оның серігі белсенділігімен әрі аса күшті магниттік өрісімен, қарқынды рентгендік сәулеленуімен ерекшеленетінін жайып салды. Сондай-ақ, ғалымдар енесінің жасы 500 млн жылдан 2 млрд жылдың аралығында болуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Осыған қатысты зерттеу нәтижесі Astronomy and Astrophysics журналында жарық көрді. 

1 пікір
Мұрағат