|
Азан шақырудың тәртібі бекітілді
|
Ендігі жерде Қырғызстанда азан аталған республиканың мұсылмандар діни басқармасы дайындаған және бекіткен ереже бойынша шақырылады. Азаншыға қойылатын ең басты талап - дауысының құлаққа жағымды болуы. Яғни, мүфтият имамдарды азаншыны таңдағанда оның даусына айрықша назар аударуға шақырды. Бұған қоса, Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы азан шақырғанда дауыстың қатты шықпауын қадағалайтын болады. Яғни, азаншының даусына белгілі бір шектеу қойылады. Өйткені, аталған басқармаға тұрғындардан азаншының даусына қатысты шағым келіп түскен болатын. Бірнеше мәрте. Осыны ескерген басқарма мешіттердің дауыс зорайтқышының дыбысын 40 40 децибелден асырмауды жөн көріп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды