|
Алматыда каллиграфия көрмесі өтеді
|
«Каллиграфия – поэзия желісі» деген атпен Алматы қаласында араб каллиграфиясының көрмесі өтеді. Ақпан айының 28-не дейін. Онда каллиграф Асылбек Орынбасаровтың өнер туындылары жұртшылықтың назарына ұсынылады. Қылқалам шебері Алматыда тұңғыш рет араб каллиграфиясының мектебінің іргетасын қалаған. Ол қазақтың дәстүрлі "сиягет" стилін жандандыруды көздейді. "Сиягет" стилі Темір билігінің тұсында пайда болған. "Біздің аймаққа каллиграфия Ираннан Самарқан мен Бұқара арқылы келді. XV ғасырда. Алғашында ол "фарси та’лик", "шекисте" стилінде болса, кейін біздің қалыпқа көшті",- деді ол. Асылбек "сиягет" стилінен бөлек каллиграфияның алты стилін игерген, бұл стилдерді еңбектерінде жиі қолданады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)