Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды
Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды
3 жыл бұрын 1505 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің эколог инженерлері химиялық сипатына байланысты «мәңгілік химикат» атауына ие болған қауіпті, яғни, улы қосындыны йодидтің көмегімен жою тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Daily және Environmental Science & Technology мерзімді басылымдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Улы қосындыдағы көміртек пен фтор атомдары бірнеше сағат ішінде бұзылады. «Мәңгілік химиялық заттарды» ыдыратудың ең тиімді жолы - оларды ультракүлгін сәулелер мен сульфиттердің әсеріне ұшырату. Бұл тәсілдің кемшілігі - баяу, энергияны көп қажет етеді, есесіне  қоршаған ортаға зиянсыз болуы мүмкін. Бұл тарапта америкалық инженерлер технологияны йодитің көмегімен жетілдірді. Оны суды тазалау жүйесіне қосып еді, реакция жылдамдығы төрт есеге артты. Ғалымдардың айтуынша, йодид жұмыстың маңызды бөлігін атқарады. Ол реакцияны тездетіп қана қоймайды, сонымен қатар, өте күшті құрылымдарда да «мәңгілік химиялық заттардың» он есе жоғары концентрациясын өңдеуге мүмкіндік береді. «Мәңгілік химикаттар» - перфторланған химиялық заттар (PFAS), табиғи жағдайда дерлік ыдырамайды. PFAS – 4,7 мың жасанды синтезделген заттар тобы. Олардың ішіндегі ең танымалы - тефлон. «Мәңгілік химикаттар» киімдерді, кілемдерді, тоқыма өнімдерін және азық-түлік қаптамаларын бояу үшін қолданылады; тұрақты және жылтыр опа-далап жасауда; ас үй ыдыстарына кір және су өткізбейтін жабындарды, т.б. тұрмыстық бұйымдарды өндіруе пайдаланылады. Организмге енген PFAS қатерлі ісікке шалдықтыру, шараналар мен нәрестелердің дамуында ақауларды тудыру, бауыр және қалқанша безінің аурулары, гормондық ауытқулар қаупін арттырады. Көптеген фторорганикалық қосындылардың тұрақтылығы таңқалдырмай қоймайды, міне, осындай себеппен «мәңгілік молекулалар» деп аталады. Оларды жою және залалсыздандыру өте қиын, сондықтан, әдетте, олар ағынды суларды тазартудың барлық сатыларынан өтеді және кәсіпорындардан тікелей қоршаған ортаға еніп, онда жиналып, тірі организмдерге зиян келтіреді. Химия өнеркәсібі пер- және полифторалкил заттардың (PFAS) мыңдаған түрлерін шығарады - құрамында фтор атомдары бар бір немесе басқа органикалық молекуласы бар қосындылар турасында сөз болып отыр бұл арада. Олардың әлемдік нарығы жылына миллиард доллардан асады. Мұндай қосындылар жоғары инерттілігімен сипатталады және іс жүзінде химиялық реакцияларға түспейді, сондықтан ұзақ уақыт бойы олар мүлдем зиянсыз деп саналып келген еді. Қазіргі уақытта PFAS ағзада жиналып, адам мен басқа жануарлардың денсаулығына түрліше зиянды әсер ететіні белгілі болып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, қатерлі ісікке шалдықтыру, шараналар мен нәрестелердің дамуында ақауларды тудыру, бауыр және қалқанша безінің аурулары, гормондық ауытқулар қаупін арттырады

Ұқсас материалар:

«Бұрынғыларына қарағанда суды 2400 есе тез тұшшыландыратын тәсіл пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/buryngylaryna-qaraganda-sudy-2400-ese-tez-tushshylandyratyn-tasil-paida-boldy-16792/#gsc.tab=0);

«Cуды аммиактан тазартудың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/cudy-ammiaktan-tazartudyn-adisi-tabyldy-16728/#gsc.tab=0);

«Салмағы 10 келіден аспайтын су тұшшыландыру қондырғысы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/salmagy-10-keliden-aspaityn-su-tushshylandyru-qondyrgysy-video-16718/#gsc.tab=0);

«30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/30-minuttyn-ishinde-tuzdy-sudy-tushshy-suga-ainaldyratyn-tehnologiya-jasaldy-14149/#gsc.tab=0);

«Суды күннің шуағымен тұшшыландырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-kunnin-shuagymen-tushshylandyrady-12232/#gsc.tab=0);

«Сиыр көңімен суды тұшшыландыру тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/siyr-konimen-sudy-tushshylandyru-tasili-paida-boldy-15931/#gsc.tab=0);

«Арабтар ерледі: кәдімгі көмір арқылы адамзатты су тапшылыған құтқаратын технология ойлап тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-erledi-kadimgi-komir-arqyly-adamzatty-su-tapshylygan-qutqaratyn-tehnologiya-oilap-tapty-16031/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша тұшшы су қорына қауіп төніп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-tushshy-su-qoryna-qauip-tonip-tur-15178/#gsc.tab=0);

«Тұшшы суға қауіп төнді» (https://islam.kz/kk/news/alem/tushshy-suga-qauip-tondi-15320/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша тұшшы су қорларының орын ауыстыруы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-tushshy-su-qorlarynyn-oryn-auystyruy-video-10239/#gsc.tab=0);

«Ауызсу алудың табиғи сүзгісі – ағаш сүзгі патогендерді залалсыздандырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyzsu-aludyn-tabigi-suzgisi-agash-suzgi-patogenderdi-zalalsyzdandyrady-15014/#gsc.tab=0);

«Енді бір жиырма жылдан кейін әлемдегі қай елдер ауыз су тапшылығын тартады?» (https://islam.kz/kk/news/alem/endi-bir-jiyrma-jyldan-keiin-alemdegi-qai-elder-auyz-su-tapshylygyn-tartady-7778/#gsc.tab=0);

«2050 жылға қарай жер шары тұрғындарының жартысы тұшшы суға зар болады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/2050-jylga-qarai-jer-shary-turgyndarynyn-jartysy-tushshy-suga-zar-bolady-10744/#gsc.tab=0);

«Күніне 205 мың текше метр тұшшы су өндіріледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/kunine-205-myn-tekshe-metr-tushshy-su-ondiriledi-12784/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат