Бұрын сотталған адамның таксиші болып жұмыс істеуіне тыйым салынды
Бұрын сотталған адамның таксиші болып жұмыс істеуіне тыйым салынды
3 жыл бұрын 1139 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы ауырлығы орташа, ауыр және айрықша ауыр қылмыс жасап істі болғандардың қоғамдық көліктерді жүргізуіне немесе такисші болып жұмыс істеуіне тыйым салатын заң жобасын үшінші оқылымда түпкілікті қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай шара жолаушылардың жеке басының қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Дәлірегі, қасақана кісі қанын мойнына жүктегендер, адам ұрлығымен айналысқан, тонауды кәсіп еткен, жыныстық зорлық жасаған, дене жарақатын салған бұрынғы қылмыскерлер таксиші бола алмайды немесе қоғамдық көлік жүрізе алмайды. Сонымен қатар, заң өз ережелерін шетелдіктерге – ЕАЭО мүшелері болып табылатын мемлекеттердің азаматтарына да қаттысты. Одақтан тыс басқа шетелдіктер үшін ешқандай шектеулер қойылмайды, өйткені, олардың осы санаттағы қылмыстары үшін соттылығы болса, олар Ресейде жұмыс істеуге рұқсат немесе патент ала алмайды. Бұрын аталған елдің көлік министрлігі жол-көлік ережесін жиі бұзған такисшіні осы жұмысынан айыру туралы бастама көтерген болатын. 

0 пікір
Мұрағат