Шаянның уы бірнеше ауруға ем
Шаянның уы бірнеше ауруға ем
5 жыл бұрын 8312 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шаян уының құрамындағы улы заттарды осы заманғы медицинада  «дәрі қоймасы» атайды. Таяуда ғана шаян уынан безгекке қарсы дәрі – иммунодепрессант және онкологиялық аурулармен күресуге арналған, атап айтқанда, мидағы ісікті анықтауға көмектесетін аминқышқыл детекторы асалды. Бұл бағыттағы Стэнфорд ғалымдары жүргізген соңғы зерттеу нәтижесі тағы жағымды жаңалықпен бөлісуге мүмкіндік беріп отыр: шаян уы стафилокок және туберкулез бактерияларын өлтіреді. Біз сөз етіп отырған жаңа дәрі Мексиканың ұлттық университетінде жасалды. Ғалымдар Diplocentrus melici деп аталатын шаян түрінің уынан екі өзгеше қоспаны бөліп алады. Олардың бірі ауада қызарса, тағы бірі көгілдір тартқан. Осынау жұмбақтың субстанциясын, яғни, түпкі мәнін анықтау үшін Стэнфорд химиктері көмекке келді. Олар улы заттардың бензохинонға жататынын анықтайды. Қызыл бензохинон стафилококк бактериясын жойса, ал көгілдірі басқа дәрі-дәрмекке бой бермейтін, яғни, төзімді туберкулез микробының популяциясын жойған. Өкпе тіндеріне зақым келтірмей. Осылайша, ғалымдар ойламаған жерден адам организіміне еш зияны мен жанама әсері жоқ, аса тиімді дәрі алуға қол жеткізді. Шаян уынан пайдалы зат алу өте қымбатқа түседі: сапалы шикізаттың бір литрінің өзі 10 млн долларға бағаланады. Ал нақты қоспалардың синтезделген нұсқасы арзандау.

Скорпион

0 пікір
Мұрағат