Антибиотикке бой бермейтін бактерияның жаңа түрі табылды
Антибиотикке бой бермейтін бактерияның жаңа түрі табылды
4 жыл бұрын 3127 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швед ғалымдары осы уақытқа дейін белгісіз болып келген, антибиотикке төзімді Escherichia coli и Salmonella ішек таяқшасы тобына жататын бактерияны тапты әрі классификациялады. Бұл жайында толығырақ Frontiers in Microbiology мерзімді басылымында жазылған. Аталмыш микроағза 2014 жылы Гетеборг қаласының солтүстігіндегі Кунгэльв емханасына түскен ересек науқастың бойынан тапқан. Ғалымдар енді ғана оны сипаттап, классифиакциялай алды. Оған Гетерборг қаласы атауының құрметіне Scandinavium goeteborgense  деген атау берілді. Олар өз зерттеуінде келесі буынның ДНК гендік секвенирлеу (геннің қандай да бір белгі немесе өзгешелік бойынша тізбегін анықтау) әдісін қолданған болатын. Белгілі болғандай, аталмыш микроағза Enterobacteriaceae тобына жататын бактерияның жаңа түрі болып шыққан. Десе де бұл түрді дәл идентификациялау әлі де жан-жақты зерттеу мен талдауды қажет етеді. «Инфекцияның нақты себебін анықтаудың қаншалықты маңыздылығының жарқын үлгісі бұл. Егер бактерия дәл идентификацияланса, дәрігерлер нақты антибиотик тағайындай алады. Бұл өз кезегінде антибиотиктің кең спектірін қолданбауға мүмкіндік береді», - деді аталған зерттеу жұмысына атсалысқан Франциско Сальва Серра. Яғни, антибиотиктің кең спектірін қолданғанда басқа да сау аймақтарды зақымдап кетеді. Дәлірегі, антибиотиктің кең спектірі бактерияның антибиотикке төзімділігін арттырады да кейін науқас қайталап ауырған жағдайда оны емдеу қиынға соғады. Бұл жаңалық сонысымен құнды. Яғни, инфекциялық ауру түрлеріне шалдығу әлеуетін төмендетеді.

0 пікір
Мұрағат