Израил билігі қандастарына қатысты қандай қылмысқа барғанын мойындады
Израил билігі қандастарына қатысты қандай қылмысқа барғанын мойындады
4 жыл бұрын 1640 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израил билігі эфиопиялық иммигранттарға, яғни, эфиопиялық еврейлерге олардың келісімінсіз әсері ұзақ уақыт сақталатын гормоналды контрацептивті қолданғанын алғаш рет мойындады. Бұл жайында еврейлердің «Гаарец» ақпарат көзі хабар таратты. Израилдің денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Рон Гамзу төрт бірдей медициналық ұйымға аталмыш тәжірибені басы бүтін тоқтатуға пәрмен берді. Осы орайда аталған министрлік өкілдері мен өзге де құзыретті ұйымдардың ресми тұлғалары бұл тәжірибені қолданғандарын жоққы шығарған болатын. Бұған қатысты ақпарат осыдан табаны күректей бес ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрсе де. Ендігі жерде гинекологтарға Эфиопиядан келген әйелдерге контрацептивтң егуге тыйым салып отыр. Изриал билігі осылайша осы тәжірибе үшін израилдік азаматтар құқығын қорғайтын әрі эфиопиялық қандастарының құқығы үшін күресіп жүрген қауымдастықтан күнде еститін сыннан құлағы тынышталып қалды. Аталмыш қауымдастық биліктің өздерінің талабымен санасып, бұл тәжірибеге тыйым салынғанына тоқмейілсіп қалмай, енді осындай сорақылыққа жол берген мекемелер мен тиісті тұлғаларға тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Қауымдастық өкілдерінің келтірген дерегіне қарағанда, эфиопиялық әйелдерге Израил аумағына кірген сәттен бастап жол-жөнекей контрацептив инъекциясын жасауды әдетке айналдырған. Мәжбүрлеп. Бұған қоса, израилдік дәрігерлер алдыңғы иньекцияның күші жойылғаннан кейін, яғни, үш ай сайын салдырып тұруды міндеттеген. Соңғы бес жыл бедерінде Израилдегі эфиопиялық әйелдер арасында туу көрсеткіші 50 пайызға төмендеп кеткен. Аталған иньекцияның әсерінен. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Израилге 100 мыңға тарта эфиопиялық еврей келген екен. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат