Семіздіктің тағы үш түрлі себебі белгілі болды
Семіздіктің тағы үш түрлі себебі белгілі болды
2 жыл бұрын 1767 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті
Шала ұйқы мен семіздік арасында байланыс бары анықталды 

Копенгаген университетінің (Дания) ғалымдары шала ұйқы мен семіздік арасында байланыс барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Medical Xpress мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биыл Семіздік жөнінддегі еуропалық конгреске ұсынылған зерттеу деректеріне сәйкес шала ұйқы артық салмақтан арылуға кері әсерін тигізеді. Бұл бағыттағы, дәлірегі, S-LiTE зерттеу аясында білікті мамандар 18-65 жас аралығындағы артық салмақтан зардап шегетін 195 ересек адамның мәліметтерін сараптамадан өткізген –  диетаға отырғандардың салмағын қадағалау мақсатында ұйқы сапасы мен ұзақтығы арасындағы байланысты зерделеу үшін. Бұл тараптағы тәжірибеге қатысқандардың дене салмағының индексі 32-ден 43-ке дейінгі аралықта болды, сегіз апта бойы төмен калориялы диетаны (тәулігіне 800 килокалория) ұстанды, сонымен қатар, салмақ тастау кезінде дене салмағының орта есеппен 12 пайызынан арылды. Тәжірибеге қатысушылары кездейсоқ жолмен, яғни, арнайы іріктеуден өткізбей бірнеше топқа бөлді: олардың бірінде науқастар бір жыл бойы плацебо қабылдаса, екіншісінде күн сайын 3 миллиграмм лираглютид (салмақ жоғалтуға арналған дәрі) енгізілді, үшіншісінде субъектілер аптасына төрт мәрте спорттық жаттығулармен шұғылданды, ал соңғы топтағылар дәріні де қабылдап, жаттығулармен де шұғылданды. Сондай-ақ, тәжірибедегілердің ұйқы сапасы техникалық аспаптармен қадағаланып, ұйқы сапасының индексі (PSQI) сауалнама көмегімен бағаланды. Сегіз апталық төмен калориялы диетадан кейін барлық науқастардың ұйқының сапасы мен ұзақтығы жақсарды. Сонымен қатар, тәжірибе жүргізілгеніне бір жыл өткеннен кейін үшінші топтың қатысушыларының төртінші топтағыларға қарағанда төмен калориялы диетаға байланысты ұйқы сапасы жақсарған.

Семіздік індетінің тағы бір себебі айтылды 

Алексей Калинчев есімді ресейлік эндокринолог дәрігер, нутрициолог, диетолог Ura.ru ақпарат көзін берген сұхбатында семіздік індетінің кейінгі кезде кеңінен таралуының өзгеше себебін тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, семіздік індетінің жапай таралуына әлем бойынша жылдан жылға өршіп келе жатқан психикалық аурулар түрткі болып отыр. Оның сөзіне қарағанда, адамдар қарбалас өмірден асығыс тамақтануының астарында, сонымен қатар, стресті еңсеру үшін тамақтанады: компульсивті тамақтану әдетінен дамығған елдердегі тұрғындардың 20 пайыздан астамы артық салмақ қосқан. Бұдан бөлек, күллі әлемді шарпыған жұқпалы індет пандемиясына байланысты қатаң шектеулер мен оқшаулау шараларынан психикалық зардап шеккендердың 60 пайыздан астамы артық салмақ қоса бастаған. Осылай деген ол семіздік індетінен зардап шегетіндер мен психикалық ауытқуға ұшырағандар арасындағы динамикалық параррелді өсу көрсеткішінің арасында байланыс бар. Адам өзінің психикалық ауруға ұшырағанын сезе бермейді, сондықтан, дер кезінде емделмейді, есесіне ауру үстіне ауру жамап, семіздік індетіне шалдығады.

Семіздіктің ешкімнің ойына келмейтін тағы бір себебі айтылды 

40-тан астам ғалым өз мақалаларында қоршаған ортаны ластайтын химиялық заттардың семіздік індетіне түрткі болып отырғанын жазыпты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Biochemical Pharmacology медициналық мерзімді басылымы мен The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ғалымдар бұл тарапта адам денісінің жай-күйіне әсер ететін шамамен химиялық затты анықтады. Бұл тізімде Бисфенол А, фталат, пластик қоспалары, пестицидтер, т.б. бар болып шықты. Мұндай қосындылар обесоген деген атауға ие болды. Ол суда, шаң-тозаңда, тағам қаптамасының құрамында, жеке бас тазалығының құралдарында, тұрмыстық бұйымдарда, тазалық құралдарында кездеседі. Обезогендер май жасушаларының көлемін өзгертіп, адамдарға олардың тойғанын білуге ​​көмектесетін сигналдарға әсер ету арқылы дененің «метаболикалық термостатын» бұзады. Калифорния университетінің эндокринология бөлімінің педиатр профессоры, эндокринолог Роберт Ластигтің айтуынша, қоршаған ортаға таралатын химиялық заттардың осындай кері әсерлері бар. Олар жасушаларды өзіне жат әрекеттерге баруға мәжбүр етеді. Солардың бірі – майдың жиналуы мен сақталуына ықпал етеді.

Қарай отырыңыз:

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0);

«Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0);

«Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdik-indetinin-tagy-bir-sebebi-belgili-boldy-13342/#gsc.tab=0);

"Артық салмақтың алжуға ұрындыратын қатері анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/artyq-salmaqtyn-aljuga-uryndyratyn-qateri-anyqtaldy-16395/#gsc.tab=0);

«Жас кезінде артық салмақтан зардап шеккендердің қартайғанда жадысы нашарлайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-kezinde-artyq-salmaqtan-zardap-shekkenderdin-qartaiganda-jadysy-nasharlaidy-14977/#gsc.tab=0);

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

«Семіздікті емдеудің тағы бір тиімді тәсілі пайда болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-emdeudin-tagy-bir-tiimdi-tasili-paida-boldy-15369/#gsc.tab=0);

"Тәбетті басқару немесе семіздікті емдеу тетігі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tabetti-basqaru-nemese-semizdikti-emdeu-tetigi-tabyldy-15297/#gsc.tab=0);

"Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-tagamga-tabeti-tartyp-turatynyna-qarap-adamnyn-densaulygynda-qandai-kinarat-baryn-biluge-bolady-galymdar-13925/#gsc.tab=0);

"Семіздікті қауіпсіз жолмен емдеудің тәсілі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-qauipsiz-jolmen-emdeudin-tasili-tabyldy-15256/#gsc.tab=0);

«Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/semizdikti-auyzdyqtaudyn-tiimdi-ari-qauipsiz-tasili-tabyldy-14943/#gsc.tab=0);

«Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-az-uaqyt-ishinde-artyq-salmaq-jinauynyn-bes-sebebi-aitaldy-14827/#gsc.tab=0); 

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0);

"Жас ұлғайған сайын салмақ қосу ұзақ ғұмырдың белгісі болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jas-ulgaigan-saiyn-salmaq-qosu-uzaq-gumyrdyn-belgisi-bolyp-shyqty-14812/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі әрбір 10-шы адам семіздіктен зардап шегеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-10-shy-adam-semizdikten-zardap-shegedi-14837/#gsc.tab=0); 

«Семіздік індетімен ұлттық деңгейде күрес науқанын бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/semizdik-indetimen-ulttyq-dengeide-kures-nauqanyn-bastady-15225/#gsc.tab=0)  

 

0 пікір
Мұрағат