Жер бетінде адамзатқа әлі белгісіз жүздеген сүтқоректі бар
Жер бетінде адамзатқа әлі белгісіз жүздеген сүтқоректі бар
2 жыл бұрын 1235 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сүтқоректі – жер бетіндегі ең көп зерттелген жануарлар, алайда, ғалымар әлі де ғылым мен адамзатқа белгісіз жүздеген түрі барын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тағы Огайо университетінің ғалымдары мәлімдегендей, зерттелмеген түрлердің дені шағын денелі тіршілік иелері болып келеді. Мәселен, бұл көртышқан, жарқанат секілді жануарлар болуы мүмкін. Олардың осы дене тұрқының шағын болуына байланысты адамзаттың көзіне көп түсе бермейді әрі олардың арасындағы морфологиялық айырмашылықты аңғару қиын. Бәлкім, кейбір түрлер таксономиялық тұрғыдан алғғанла бір түрге біріктіріліген. Аталмыш америкалық жоғарғы оқу орнының организмдер биологиясы, эволюциясы  және экологиясы жөніндегі профессоры Брайан Карстенстің айтуынша, саалмағы бар-жоғы 10 грамм ғана болатын кішкентай жануардың сыртқы түріне қарап, айырмашылығын ажырату қиын. Мұндай айырмашылықты генетикалық тұрғыдан ғана анықтауға болады. Огайо университетінің аспиранты Даниел Парсонс сүтқоректілердің 4310 түрінен жалпыға ашық дерек көздеріндегі миллиондаған гендік тізбектерді талдау үшін суперкомпьютер мен машинаны оқыту әдістерін пайдалана отырып, осындай тұжырымға келіп отыр. Ғалымдар, сондай-ақ, жануарлардың мекендейтін жерлерін, өмір тарихын және басқа да өзекті мәліметтер туралы деректерді де зерттеді. Нәтижесінде олар жасырын түрлер болуы мүмкін сүтқоректілердің таксондарын анықтау үшін болжамға құрылған моделді жасады. Мұндай тұжырымның өзі биологтер үшін күтпеген жаңалық болды. Ғалымдар жердегі түрлердің тек 1-ден 10% -ға дейінгісі ғана ресми түрде сипатталғанын мойындап отыр.

0 пікір
Мұрағат