Қылқан жапырақты өсімдіктердің қыста да жасыл өңінен айнымауының сыры ашылды
Қылқан жапырақты өсімдіктердің қыста да жасыл өңінен айнымауының сыры ашылды
3 жыл бұрын 4461 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Биофизиктер анықтағандай, қылқан жапырақты өсімдіктердің жыл бойы түсін бермей, яғни, өңін өзгертпей жасыл болып тұруының сыры – қыс мезгілінде олардың фотосинтездің қысқа цикліне (кезеңіне) өтуінде жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы тұста фотосинтездің өсімдіктер үшін қандай маңызды процесс болып табылатынын сайтымыздың жаңалықтар таспасында осыдан бір жыл бұрын жарияланған «Жартылай өсімдікке айналатын жануар» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/gylym/jartylai-osimdikke-ainalatyn-januar-video-12627/#gsc.tab=0) ғылыми-танымдық материалымызда айтып кеткенбіз. Швецияның Умео университетінің ғалымдары Амстердам қаласындағы және Канаданың Батыс Онтарио жоғарғы оқу орындарының әріптестерімен бірігіп, шыршаның қылқан жапырағындағы фотосинтез тетігін зерделей келе қыс түсе қысқа циклге көшетініна көз жеткізген. Қыстың көзі қырауда жарық энергиясы жасыл хлорофилл молекуласымен сіңіріледі, алайда, фотосинтетикалық тетіктің реакциясында пайдаланылмайды, өйткені, төменгі температура көптеген биохимиялық реакцияны тоқтатып тастайды. Төменгі температурадағы күннің жарық сәулесі кезінде жарық энергиясының көптігі фотосинтетикалық тетіктің ақуыздарын зақымдайды, сол себепті де ағаштардағы жапырақтар қурап түседі. Алайда, қылқан жапырақты өсімдіктерге бұл биологиялық заңдылық жүрмейді.

0 пікір
Мұрағат