Әлемде тұңғыш рет тұрғын үйлерді газдың орнына сутегі энергиясымен қамтамасыз етеді
Әлемде тұңғыш рет тұрғын үйлерді газдың орнына сутегі энергиясымен қамтамасыз етеді
3 жыл бұрын 3381 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Британияның Ofgem деп аталатын газды және электрді пайдалануды үкіметтік реттеуші мекемесі тұрмыстық қажеттілік үшін энергия көзі ретінде сутегін қолданатын тәжірибені таяуда қолға алды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша әлемде тұңғыш рет осындай бірегей жоба жүзеге асырылмақ. Аталмыш тәжірибе жүргізілетін орын ретінде Шотландиядағы Файф ауданы таңдалып отыр. Дәлірегі, ондағы 300 тұрғын үй сутегілік модернизацияға ұшырайды. Аталмыш тәжірибе 4 жылға созылады – сутегінің әлеуетін жан-жақты бағалау әрі зерделеу үшін. Осылайша қоршаған ортаға зиянсыз, яғни, экологиялық жағынан тиімді жоба арқылы атмосфераға бөлінетін зиянды ластаушыны азайту көзделуде. Бүгінде, мәселен, көмірден бірте-бірте бас тартқан Ұлыбритания тұрғындарының, дәлірегі, үй шаруашылығының 85 %-ы газбен қамтамасыз етілген. Ендігі жерде газдың орнын сутегі алмастырады. Осылайша 2050 жылы аталған ел атмосфераға бөлінетін ластаушы заттарды нөлдік деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Бұл баыттағы жұмыстарға (сутегімен жұмыс істейтін ошақ, жылыту жүйесі қондырғыларын орнату, т.б.) 17 млн доллар қаражат бөлініп отыр.

Водородное отопление

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат