Өз-өзін суғаратын топырақ жасалды (инфографика)
Өз-өзін суғаратын топырақ жасалды (инфографика)
3 жыл бұрын 2996 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Остиндегі Техасс университетінің иенженерлері топырақты материал жасалды. Оның құрамына гидрофилді (суды сіңіретін) гидрогел мен табиғи топырақ кіреді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашқысы мен соңғысының үлестік арақатынасы: 1:3. Яғни, топырақты материалдың үштен бірі гидрофилді гидрогелден тұрады. Ол «ылғалды шектен тыс сіңіруші гелді» білдіретін SMAG жіктеліміне жатады. Алдымен гел мен топырақ күлдей уатылады да араластырылады. Содан соң бұл қоспа Цельсия бойынша +90 °C температурадағы ваккумдық пеште 12 сағат ұсталады. Осыдан кейін ол қатты кесекке айналады. Оны тағы ұсатады. SMAG-топырағы деген осы. Ашық далада, түнгі мезгілде гел салыстырмалы ылғалды ауадан суды барынша молынан сіңіретін болады: бір грамм SMAG-топырақ 3-4 грамм су сіңіреді. Ал күндіз күн ысығанда гел жиналған ылғалды босатады. Оны өсімдік тамыры сіңіреді. Тексеру мен сынақ нәтижелері бойынша түрлі өсімдік үшін 10 грамнан 1 келіге дейінгі SMAG-топырақ 1 шаршы метр ауыл шаруашылық жерін ылғалмен қамтамасыз ете алатын болып шықты.

SMAG-почва

0 пікір
Мұрағат