Молекулалар антибиотикке төзімді бактериялармен тиімді күресуге мүмкіндік береді
Молекулалар антибиотикке төзімді бактериялармен тиімді күресуге мүмкіндік береді
3 жыл бұрын 3837 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар өздері иммуноантибиотик деп атаған молекулалардың жаңа тобын ұсынды. Бұл қосынды патогенді микроорганизмдерді екі түрлі тетік бойынша жоя алады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологтердің осы жолғы жаңалығы иммундық жүйені қатерлі патогендермен күресуге ынталандыра алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес антибиотикке төзімді аикроорганизмдер қоздырғыштарымен күресу осы заманңы медицинаның бас ауруына айналған. Фармацевтикалық компаниялар жыл сайын натибиотиктердің жаңа түрлерін шығаруға мәжбүр болып отыр – дәрі-дәрмекке бой бермейтін бактерияларды еңсеру үшін. Америалық ғалымдар патогенді микроорганизмдерге қарсы белсенділік танытатын молекулалар класын ашты. Бұл молекулалар тірі организмде изопреноидті (липидтердің табиғи қосындысы) алу сатыларының бірін катализдейтін (химиялық жолмен реакцияны тездететін) IspH ферментін тежеуге қауқарлы. Олар жасушасында ядросы жоқ организмде – прокариотта молекуланың ауқымды спектірін синтездеуге қажетті негізгі құрылымдық блок болып табылады. Алайда, IspH ферменті бір жасушалы органимдерге ғана тән изопреноид синтезінің реакциясын катализдейді (жануарлар жасушасында бұл процесс болмайды). Микроорганизмдер жасушасы (Е)-4-гидрокси-3-метил-но-2-енилпирофосфат (HMBPP) деп аталатын молекулаларды бұзу арқылы органимнің иммундық жүйесінен «жасырына» алады. IspH ферменті бұл процеске қатысады. Ғалымдар аталған ферменттің қызметін ажыратуға қол жеткізді, осылайша HMBPP концентрациясының жасушада артуына жол ашты. Осының арқасында патогенді микроорганизмдер қанмен айналатын иммундық жүйені тани алатын болады.

0 пікір
Мұрағат