Құрбақаның терісіндегі пептидтер бактериямен жанасқанда антибиотикке айналады
Құрбақаның терісіндегі пептидтер бактериямен жанасқанда антибиотикке айналады
3 жыл бұрын 2988 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің технологиялық институты мен Германияның Гамбург қаласындағы EMBL ғалымдары австралиялық құрбақа терісінің бактериялық инфекциямен белсенді күресетін ерекшелігін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген аталған ел ғалымдары бактерияға қарсы пептидтердің (пептидтің анықтамасын төменде келтірілген kz.club120.com дерек көзінен толығырақ біле аласыздар – ред.) үш өлшемді молекулярлық құрылымын (австралиялық құрбақаның (Uperoleia mjobergii) терісіндегі уперин 3,5) пайдаланды. Бактерияға қарсы құралға айналдыру мақсатында. Ғалымдар пептидтің құрбақаны бактериядан қорғау үшін өз пішінін өзгертуге мүмкіндік беретін аса күрделі құрылымдық бейімделу тетігінің көмегімен өзгеше талшықты құрылымда жиналатынын байқады. Құрбақаның терісіндегі бактерияға қарсы фибрилдер (fibrilla -талшықты, жіп), жануарлардың тініндегі және жасушаларындағы жіп тәрізді ақуыз құрылымы) Альцгеймер және Паркинсон секілді нейродегенеритивті аурулардың белгісі болып табылады. Бұрын ол патоген ретінде саналғанымен кейін кейбір амилоидтік фибрилдердің организмге пайдалы екені анықталған болатын. Мәселен, кейбір бактериялар мұндай фибрилдерді адамның иммундық жасушаларымен күресу үшін тудырады. Құрбақаның терісіндегі бактерияға қарсы пептиді бактерия тап болғанда белсенділігі оянады. Ғалымдар аталмыш жаңалықтың өз кезегінде медициналық және технологиялық салаларда көптеген жаңалықтардың ашылуына септігін тигізетінін алға тартып отыр.

West Kimberley Toadlet | Western Australian Museum

Uperoleia mjobergii

kz.club120.com дерек көзінен: 

Пептидтер дегеніміз не?

Ақуыздар өміріміздің ең маңызды бөлігі болып табылады – тірі ағзалардың барлығында олардың қандай да бір мөлшері бар. Барлық ақуыздар амин қышқылдарынан тұрады. Ағзамызға түсетін кез келген тамақты тап осы ақуыздар ыдыратады. Олар ағзамыздың барлық жасушаларын қоректендіреді.

Пептидтермен танысу

Амин қышқылдарын «әлемнің кірпіштері» деп те атайды. Біздің планетамызда өмір амин қышқылдарының қысқа тізбектерге бірігуі нәтижесінде пайда болған. Олардың өлшемі небәрі 1 нанометр. Бірнеше амин қышқылының (бестен кем) бірігуі пептидтер деп аталады. Яғни пептидтер – бұл шағын ақуыздар.

Зерттеулер нәтижесінде пептидтердің гендердің жұмысын реттейтіндігі анықталды. Ал гендер адам ағзасындағы ақуыз синтезін реттеп, бақылайды.

Ақуыз қалыпты әрі толыққанды болған жағдайда, адамның дені сау болады және оның барлық мүшелері ақаусыз жұмыс істейді. Біздің бүкіл өміріміз екі ақпараттық молекуланың, атап айтқанда пептидтер мен ДНҚ-ның (ДНҚ шиыршығы гендерден тұрады) өзара әрекеттестігін білдіреді. Әр пептид нақты генді реттейді, ал адамда олардың саны 30 000-нан асады.

Осы себепті адамдардың толығымен сау болуы және жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін пептидтерді қабылдау қажет. Пептидтердің түгелдей дерлігі тағамның құрамында болады, бірақ олардың мөлшері өте аз. Бұл заттар қосымша тағам көзі ретінде керек.

Ағзаның өмірлік маңызы бар функцияларын белсендіру және қолдап отыру үшін әр адамға 30 жастан асқаннан кейін пептидтерді қабылдау қажет.

Пептидтердің әрекет ету механизмі

Пептидтер гендердің айқындалуы мен ақуыздардың синтезін реттейді. Олар пролиферацияны, дифференциацияны ынталандырады және жасушалар апоптозын бәсеңдетеді, бұл әртүрлі мүшелердің функцияларының қалпына келуіне жағдай жасайды. Пептидтердің енгізілуі қатерлі ісіктің даму жиілігінің төмендеуіне, сондай-ақ өмірдің орташа және максималды ұзақтығының артуына себепші болады.

Көптеген тәжірибелер барысында пептидтердің жасушалардың, тіндердің және жалпы ағзаның физиологиялық ресурсын 42%-ға дейін ұлғайтатындығы анықталды.

Пептидтердің теломераларға әсері

Жасушаның бөлінуі 50 ретпен шектеледі (Хейфлик, 1961 ж.). Әр бөліну кезінде оның ДНҚ-сы қысқарады. ДНҚ-ның сызықтық хромосомаларының ұштары теломералар деп аталады. Олар теломераза арқылы рибонуклеин ферментімен синтезделеді. Теломераза репрессиясы «Хейфлик лимиті» аталатын жасушалық қартаюды анықтайды.

Қысқа пептидтер теломеразаны белсендіруге қабілетті және теломералардың ұзындығын арттырады, сондай-ақ жасушалардың бөліну санын ұлғайтады. Бұл пептидтердің ағзаның қартаюымен күресуге және өмір сүру ұзақтығын арттыруға қабілетті екенін білдіреді.

Мелатонин деңгейін арттыру.

Мелатонин нейроэндокриндік жүйенің әмбебап реттегіші болып табылады, тәуліктік және маусымдық ырғақтарды реттейді. Бұл барлық ағзалардың тіршілік қызметінің басты факторы саналады. Кейбір адамдарда қартайған сайын мелатонин деңгейі едәуір төмендейтіні анықталған.

Мелатонин жылдам қартаюдың ең айқын маркерлерінің бірі.

  • Мелатонин қатерлі өскіндердің пайда болуымен күреседі;

  • Күретамыр қысымын қалпына келтіреді;

  • иммунитетті жақсартады;

  • жасушаларды еркін радикалдардың әсерінен қартаюдан қорғау арқылы күшті антиоксидант қызметін атқарады;

  • қандағы холестерин деңгейін төмендетеді;

  • адаптогендік функциялар атқарады, яғни жағымсыз сыртқы жағдайлар мен күйзеліс кезінде ағзаны қолдап отырады;

  • жыныстық функцияларды қолдап отырады;

  • ұйқысыздықты еңсереді, күйзелу белгілері пайда болған кезде көмектеседі. 

Пептидті биореттегіштерді қолдану жеке мелатонин мен серотониннің бөлінуін жақсартады. Бұл ағзаның қартаю процесін тежеудің тиімділігі жоғары әрі қауіпсіз әдісі болып табылады.

Пептидті биореттегіштер жасушалардың қалпына келу процестерін үдетіп, олардың бағытын анықтайды.

Бұл күрделі процесс бүкіл ағзаның қалпына келуі мен жасаруына жағдай жасайды.

Пептидтердің сипаттамалары: 

  • Табиғи зат;

  • Өзгешелік деңгейі жоғары;

  • Тұтастай зиянсыз;

  • Микродозалар;

  • Ғылыми дәлелденген. 

Пептидтер адам ағзасының экстремалды әсерлерге қарсы тұру қабілетін жақсарту, ерте қартаюдың алдын алу және жасқа байланысты патологияларды еңсеру үшін перспективалы құрал ретінде қарастырылады.

0 пікір
Мұрағат