Бұлшық еттегі молекулярлы қозғалтқыштың қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Бұлшық еттегі молекулярлы қозғалтқыштың қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
3 жыл бұрын 4843 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Физиктер бұлшық еттегі химиялық энергияның механикалық энергияға қалай айналатынына қатысты тың деталдарға қанықты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Journal of Biological Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар осы заманғы озық технология көмегімен  миозин ақуызының оны қалай жиырып, қалай босататынын анықтады. Біздің бұлшық етімізде мизоин ақуызы деп аталатын молекулярлы машина бар. Белгілі болғандай, талшықтың жиырылуы биохимиялық реакцияны емес, миозинмен актиннің (актин мен мизоин туралы ақпаратты толығырақ төменде келтірілген thelib.info дерек көзінен біле аласыздар – ред.) бірігу прорцесін іске қосатын болып шықты. Миозин бұлшық ет ақуыздарының шамамен жартысын құрайды. Өзге ақуызбен, яғни, актинмен бірігу арқылы олар бұлшық ет талшығының негізгі компоненті болып табылатын актиномиозинді қалыптастырады. Миозин АТФ-те (АТФ туралы төменде келтірілген Уикипедия мәлімет көзінен біле аласыздар – ред.) қорланған (яғни, қор болып жиналған) энергияны механикалық жұмысқа айналдырады, яғни, бұлшық еттің жиырылуына жауапты тетікті қалыптастырады. Десе де аталмыш процестің қалай жүзеге асатыны ғылыми ортада әлі күнге талас-тартыс тудырып келе жатыр. Мизоин молекуласы орындайтын механикалық жұмыс өз кезегінде бұлшық еттің жиырылуына алып келетін биохимиялық реакцияның каскадын тудырады. Осы уақытқа дейін биохимиялық процес миофибрилл орындайтын қандай да бір мехзаникалық жұмыстың алдын болады деп есептеліп келген еді. Нәтижесінде ғалымдар миозиннің актинмен өзара әрекеттескенде жиырылу процесінің аталған ақуыздар арасында байланыс орнағаннан кейін жүретініне көз жеткізді.

Миозин — энергияны жылуға, химиялық реакцияға немесе мехзаникалық жұмыстағы өзге қайнар көзге айналдыра алатын молекулярлы «машиналардың» бірі, наноөлшемді жүйе. Миозинді зерттегені үшін 2016 жылы химия аталымы бойынша Нобел сыйлығы берілген.

(ықшамдалып алынды)

thelib.info дерек көзінен:

Актин – миозиндік жүйе

Актин мен миозин бірінші рет бұлшық ет клеткаларында байқалған қимыл жүйесіне жауапты белоктар. Қазіргі кезде барлық клеткаларда болатыны анықталды. Жіңішке актиндік «цитосүйектер», ал жуан миозиндік филаменттерді – «цитобұлшықеттер» деп атайды.

Актиндік филаменттер әдетте цитоплазманың бір шетінен екінші шетіне дейін созылып жататын плазмалық мембрананы бекітетін жіңішке шоғырларды құрайды.

Актиндік филамент қалыңдығы 6-7 нм шырмалған екі жіптен тұрады. Коллаген және кератин сияқты жіп тәрізді құрылымдардан актин жіптерінің айырмасы фибрилалық белоктардан емес, ұсақ белоктік глобулалардан (шардан) тұрады.

Актин бірнеше функциялық қызмет атқарады. Мысалы клетканың пішінін сақтау мен оның өзгеруіне, митозға, клеткалардың қозғалуына, цитоплазманың қозғалысына және т.б. қатысады.

Миозин өзінің құрылымы жағынан актиннен өзгешелеу. Миозин екі ауыр және екі-төрт жеңіл тізбектен тұратын ірі белок. Бұлшық ет талшықтарында миозин молекулалары жуан жіптер деп аталатын шоғырлар құрайды. Әртүрлі клеткалардан алынған миозиндер бір-біріне ұқсас болады. Сүтқоректілердің скелет еттерінде баяу және тез жиырылатын миозиндер деп аталған миозиндердің түрлері табылған. Бұлшық ет клеткаларының дамуының ертерек кезеңінде миозиннің жұп екі типі бірдей кездеседі. Кейін олар тез және баяу жиырылатын талшықтарға бөлінеді. Талшық бірнеше нейрондармен нервтелгенде баяу бұлшық ет қозғалыстарында баяу жиырылушы миозин басым болады.

Актин мен миозин өзара байланысып актомиозин кешенінен құрайды. Актин өз бойына жиыра алмайды. Оның жиырылуы үшін энергияны айналысқа тірейтін компонент болуы керек. Бұның міндетін миозин атқарады. Бұлшық ет жиырылуының реттелуін бақылайтын екі жүйе болады. Осы екі жүйеде миозиннің АТФ-азалық белсенділігі СА2+ иондарымен индукцияланады, Са2+ иондары жоқ ортада актин мен миозин әрекеттеспейді. Бұлшық ет клеткалары мен клеткалардың басқа типтерінде СА2+ иондары цитоплазмадан СА2+ насосының көмегімен шығарылады.

0 пікір
Мұрағат