Күні бойы шаршамай, сергек жүруге көмектесетін тәсіл табылды
Күні бойы шаршамай, сергек жүруге көмектесетін тәсіл табылды
2 ай бұрын 10092 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың әскери әуе күштеріне қарасты зертхана мамандары шаршағанды басып, күні бойы сергек жүруге, дәлірегі, еңбек етуге қабілетіңді жоғалтпауға көмектесетін құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Technology Networks ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. VNS-әдісі мойындағы вагус жүйкесін электр тогымен ынталандыру арқылы жүзеге асырылады. Ғалымдардың айтуынша, бұл тәсіл электр тогымен транскраниалды стимуляциялау (tDCS) әдісінен әлдеқайда тиімді. Десе де аталған екі әдіс те көгілдір даққа – сергектік гормонын бөлетін әрі норадреналиннің қайнар көзі болып табылатын ми бөлігіне әсер етуге бағытталған. tDCS-сигналы алдымен тері мен бас сүйегі қабаттарынан өтіп миға жетуі керек, бұл процедура 30 минутқа созылады. Ал біз сөз етіп отырған VNS-терапиясы портативті құрылғы арқылы жүзеге асырылады. Бұл процедураны адам өзі атқара алады, бар-жоғы алты минуттан аспайды. Бұл тараптағы тәжірибеге өз еркімен 40 адам қатысқан екен. Бұл әдісті қолданған олар табаны күректей 34 сағат бойы сергек жүрген. Олардың жай-күйі төрт тест арқылы бағаланған. Десе де аталмыш әдістің денсаулыққа қауіпсіз екенін тексеру үшін қосымша тәжірибелер жүргізілетін болады.

0 пікір
Мұрағат