Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды
Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды
4 жыл бұрын 13619 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Орегон университетінің биологтері Caenorhabditis elegans моделді организімін шәуһаттағы ДНҚ-ны зақымдайтын молекулярлы тетікті әрі мөлшерден тыс жылудың ұрыққа әсерінің ерлерді белсіздікке бастайтынын немесе бастамайтынын анықтау үшін пайдаланып көрген екен. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Current Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Естеріңізде болса, шәуһат өндіруге арналған оңтайлы температура адам денесінің температурасынан сәл төмен болуы тиіс – шамамен 32-35 °C аралығында. Бұл – қалыпты диапозон саналады. Ал бұл диапозоннан Цельсия бойынша 1 градус жоғары болса, ол өз кезегінде ерлердің ұрпақ өрбіту қабілетіне теріс әсерін тигізеді. Бұл ғылыми деректі аталған жоғарғы оқу орнының молекулярлы биология институтының биология кафедрасының профессоры Диана Либуда жеткізді. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу барысында ыстық ваннаның, тар киімнің әне ұзақ уақыт ол жүрудің барлығы мұқият зерделеніп, осы заманғы жылу әсерінің эффектілері сараланды. Алайда, шәуһаттың сапасын кемітетін негізгі фактор сол күйі белгісіз болып қалды. Тәжірибе кезінде белгілі болғандай, C. Elegans құртының ұрығындағы ДНҚ-ның зақымдалуы қалыпты температурадан 2°C жоғары жылудан 25 есе артқан - мұндай жылу әсеріне ұшырамаған ұрықпен салыстырғанда. Зақымдалған ұрықтан ұрпақ өрбіту нәтиже бермеген екен. 

Даму үстіндегі шәуһаттың үш өлдшемді моделдеу тетігі жылу стресінен ДНҚ-ның зақымдалған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Хромосомалар сұр түспен белгіленген. Ал ДНҚ-ның зақымдалған аймақтары сары-қызыл түспен боялған. Жылудан «тітіркенген» (шошынған, яғни, шок алған) шәуһат ядросының әрбіреуінде ДНК-ның зақымдалған көптеген аймақтарын байқауға болады. Бұл бейне мүмкіндігі кең DeltaVision микроскопының көмегімен алынған. Ал үш өлшемді моделдеу тетігі Bitplan-ден  Imaris Microscopy, Image Analysis программаларының көмегімен жасалды. 

Айтқандайын, ғалымдар микроскоптың көмегімен аталық без бен шәуһаттың дамуын қалыпты температурада да, жылу стресі жағдайында да бақылап көрген екен. Нәтижесінде жылу стресінен аталық бездегісіне қарағанда шәуһаттағы ДНҚ-ның көбісі зақымдалғаны белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат