Жеңіліске ұшырай басатаған армяндар тыйым салынған кассеталық бомбаны қолдана бастады. Кассеталық бомбаға қатысты аз-кем мәлімет (фото)
Жеңіліске ұшырай басатаған армяндар тыйым салынған кассеталық бомбаны қолдана бастады. Кассеталық бомбаға қатысты аз-кем мәлімет (фото)
4 жыл бұрын 9875 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы армян тарапынан Таулы Қарабақ үшін жүріп жатқан соғыс барысында қолдыналуына тыйым салынған кассеталық бомбаны пайдаланылғаны турасындағы фактіні растады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com және militaryarms.ru ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш ұйым келтірген дерек бойынша армян әскерилері Әзірбайжанның Барда қаласына шабуыл кезінде қолданған. Осы орайда 2020 жылдың қазан айының 28-і күні жергілікті уақыт бойынша 13:30-да Барда қаласын бірнеше «Смерч» зымыранымен атқылаған. Әзірбайжанның бас прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес кем дегенде 21 адам қаза тауып, 70 адам түрлідеңгейде жарақат алған. Amnesty International ұйымының дағдарысқа жауап қату жөніндегі сарапшылары Vice News ақпарат көзі тілшілерінің аталған қалада таспаға тартып алған фото-суреттерін тексере келе ресейлік «Смерч» 9М55 жүйесінің 9Н235 кассеталық бомбасының фрагментін байқаған. Осыған байланысты Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орта Азия бойынша аймақтық директоры Мари Струтерс азаматтық аумақта кассеталық оқ-дәріні қолданудың қандай салдарға ұрындыратынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, кассеталық оқ-дәрінің қатері бір жылдан кейін білінеді. Кассеталық бомба қолданылыуна әлемнің 100-ден аса мемлекеті қол қойған халықаралық келісім-шарт негізінде тыйым салынған қару түріне жатады.

Кассеталық бомба – ұсақ бомбалармен толтырылған снаряд. Дәлірегі, кассеталық бомбаны ұсақ снарядтарды қолданылатын жерге жеткізетін контейнерге теңесек те болады. Ол тек сарбаздарды мертіктіріп қоймай, сонымен қатар, бронотехниканы да істен шығара алады. Көзделген нысананы барынша жермен-жексен ету үшін кассеталық ұсақ снарядтар тежегіш құрылғысымен жабдықталған. Мұның бір ұтымды жері – белгілі бір аумақтан ары бей-берекет ұшпайды. Екіншіден, бұл жарылыстың қуатын арттырып, нысананы тас-талқан етуге септігін тигізеді. Кассеталық ұсақ бомбалардың бір бөлігі кейін жарылатындай етіп программаланады. Яғни, жерге түскеннен кейін бірден жарылып кетпейді, мина секілді жерде атады. Мұндай қару конструкциясында пластик қолданылғандықтан жағдай одан ары ушығып кетті, өйткені, пластикті мина іздеуге арналған метал іздеуші құрылғы мен рентген таппайды. Қауіптісі осында.

Кассеталық бомба алғаш рет КСРО мен Финляндия арасындағы соғыста қолданыла бастады. Содан соң АҚШ әскерилерінің Корея мен Вьетнамдағы соғысы кезінде жиі қолданылды. Америкалық әскерилер ит тұмсығы өтпейтін ну жыныс орманға жасырынған жергілікті партизандардың нақты орнын таппағандықтан үлкен аумақта қолданған еді, нәтижесінде партизандар ғана қырылмай, бейбіт тұрғындар мен жабайы жануарлар да опат болды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, кассеталық бомбаға әлемнің 100-ден аса елі қосылған келісім-шарт бойынша қолдануға тыйым салынған. Дәлірегі, 1980 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы кластерлік қаруды (кассеталық бомба) адамгершілікке жат қару ретінде жіктейтін әрі оны қолдануға тыйым салатын конвенция қабылдады. Аталмыш конвенцияға әлемнің жетекші державалары, соның ішінде, АҚШ, РФ (Ресей), ҚХР (Қытай), Пәкістан, Израил, Оңтүстік корея, Бразилия, Үндістан қосылған жоқ. 2008 жылы Дублин қаласында «Кассеталық оқ-дәріге толық тыйым салу туралы келісім-шарты» қабылданды. Осы жылдың желтоқсан айында бұл келісім-шартқа 98 мемлекет қосылды. Артынан бұл мемлекеттердің саны 108-ге жетті. Аталмыш келісім-шарт 2010 жылдың тамыз айының 1-нен бастап күшіне енді.

Барда қаласындағы кассеталық бомба жарылған аумақ

Американская кассетная бомба 

Америкалық кассеталық бомба

Взрывы от кассетной бомбы

Ауадағы жарылысы, жерге соғылғандағы жарылысы

0 пікір
Мұрағат