Адамзат болашақта балықты түсінде көреді – жаһандық жылынудан балықтар шағылысудан, ұрпақ өрбітуден қалады
Адамзат болашақта балықты түсінде көреді – жаһандық жылынудан балықтар шағылысудан, ұрпақ өрбітуден қалады
3 жыл бұрын 3926 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Альфред Вегенер институты мен Гельмгольц атындағы полярлық және теңіз зерттеу орталығының (AWI)  сарапшылары метазерттеу жүргізіп, жаһандық жылыну мен оның салдарынан орын алып отырған климат өзгерісінің әлем бойынша балық қорына қалай әсер ететіні турасында Science мерзімді басылымында өз тұжырымдарын жариялапты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі аталған мерзімді басылымға сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, жаһандық жылыну мен климат өзгерісі балықтарға үлкен қатер төндіріп тұр. Әсіресе, дамуының белгілі бір кезеңдерінде судың температурасына өте сезімтал келетіндіктен балықтардың өсіп-өнуіне қауіп төнген. Балықтың өмірлік кезеңдеріндегі ең қатерлі сәттердің біріне шағылысу маусымын жатқызып жүр, бұл кезеңде балықтың жылуға төзімділігі төмен болады. Былайша айтқанда, судың температурасы балықтың қаншалықты ұрпақ өрбіте алатынын айқындайтын факторлардың бірі болып табылады. Әсіресе, ғалымдар бүгінгідей климат өзгерісі кезінде судағы температураның көтерілуінен барлық балық түрлерінің өсіп-өнуі 60%-ға кемитінін алға тартып отыр. Тек теңіздегі ғана емес, сонымен қатар, көлдер мен өзендердегі, су қоймаларындағы, т.б. балықтар да бұл кері құбылыстан тыс қала алмайды.

Организм энергия бөлуі үшін тыныс алуы тиіс – бұл процесс адамға да, балыққа да тән. Оның үстіне, адамдар мен жануарлардың энергияға қажеттілігі темперутаруға байланысты: неғұрлым жылынған сайын энергияға деген қажеттілік геометриялық прогреспен өседі, сонымен бірге, оттегіге де қажеттілік артады. Бұдан түйгеніміздей, организм жоғарғы температураға бейімделуі үшін көп мөлшерде оттегіні қажет етпек. Алайда, мұндай қабілеті шектеулі кей түрлердің барын айта кетпеске болмайды: егер бұл шектен асса, жүрек-қан тамырларында коллпас орын алады, яғни, кінәрат пайда болады.

Осыны ескерген аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары күллі әлем бойынша теңіздегі және суы тұшшы көлдер мен өзендерде тіршілік ететін балықтардың өмірлік кезеңдерінің қайсысында жылуға аса сезімтал келетінін анықтау мақсатында метазерттеу жүргізген болатын. Биологтер бұл мақсатта 694 балық түріне қатысты мәліметтерге талдау жүргізіп, дәлірегі, қандай температура аралығында немесе диапозонында шағылысуға дайын ересек түрлерінің, аталық бездегі ұрықтардың, личинкасларының аман қалатынын анықтауға тырысты. Зерттеу нәтижесінде аталық бездегі ұрық пен шағылысуға дайын ересек балықтар личинка мен шағылысу маусымынан тыс балықтарға қарағанда жылуға әлдеқайда сезімтал, дәлірегі, төзімсіз келетіні белгілі болды. AWI зерттеу орталығының биологы Флемминг Далкенің айтуынша, шағылысу маусымынан тыс балық шағылысуға дайын немесе жұмырқалауға дайын балықтарға қарағанда орташа есеппен 10 °C-қа артық жылуда аман қалуы мүмкін.

Мұның себебі – балықтың анатомиясында: эмбрионда оттегіні көп алуға мүмкіндік беретін желбезек жоқ, ал шағылысуға дайын ересек балық шәуһат өндіретіндіктен бұл өз кезегінде қосымша салмақ түсіріп, оттегіні тиісті деңгейде ала алмайды – тіпті, төменгі температурада да олардың жүрек-қан тамырларына орасан зор күш түсетінін айта кету керек.

Бұл зерттеу нәтижесі балықтардың тек бір түрлеріне емес, барлық түрлеріне ортақ. Сондай-ақ, балықтың, әсіресе, шағылысу мен жұмыртқалау кезінде жылуға не себепті сезімтал келетінін анықталды. Жаһандық жылынуға байланысты судың температурасы қаншалықты көтерілетінін білу маңызды болғандықтан ғалымдар осы мақсатта жаңа климаттық сценарлиерді қоса сараптауына тура келіп отыр.

Ғалымдардың тұырымынша, парникті газдың атмосфераға бөлінуі кемімей, орташа температура Цельсия бойынша 5 °C-қа көтерілсе, барлық балық түрінің 60%-ы ұрпақ өрбітуден қалады. Кейбір балық түрлері жаһандық жылынуға биологиялық эволюция арқылы бейімделуіне тура келеді, алайда, бұған ұзақ уақыт кетеді я болмаса қолайлы аймақта, салқындау басқа мезгілде шағылысуы мүмкін. Теңіздегі балықтар тіршілік етіп жүрген ортасынан көшіп, миграция арқылы тұқымын сақтап қалуы мүмкін, ал тіршілік ету ортасы мен географиялық ортасы шектеулі өзендер мен көлдердегі балықтар қайтеді?

Балықтың термикалық толеранттылындағы филогенетикалық және онтогенетикалық заңдылығы (А-С). Шеңберлі хронограмма (А) температураның жоғарғы шегін (Tmax), (В) температураның төменгі шегін (Tmin) және (С) түрлердің әрі олардың өмірлік кезеңдерінің (ұрық, эмбрион, личинка, ересек балық) термикалық толеранттылығының диапозонын (Trange) көрсетеді. Көрнекті таксономикалық топтары, соның ішінде жылы (Fundulidae и Cyprinodontidae)және суық стенотермалдық тобы (Notothenioidei) бөліп көрсетілді. Science (2020)

0 пікір
Мұрағат