Жасанды көз арқылы көру қабілетін қалпына келтірді
Жасанды көз арқылы көру қабілетін қалпына келтірді
9 жыл бұрын 6092

Нұр Ажар мен Февзи Аккан есімді түрік дәрігерлердің жетекшілігімен аса күрделі ота жасалды. Бионикалық көз қондыру арқылы 44 жастағы Дилек Юмран Өзтүрік есімді пациенттің көру қабілетін қалпына келтірді. Бұл жайында түріктердің NTV мерзімді басылымы хабар таратты. Ол екінші баласын босанғаннан кейін «соқыр тауық» синдромына ұшыраған болатын. Яғни, қараңғыда көру қабілетінен айырылады. Сырқаттың бұл түрі туабітті немесе жүре келе пайда болуы мүмкін. Профессор Нұр Ажардың айтуынша, мұндай күрделі ота әлемнің санаулы елдерінде жасауға рұқсат етілген. Сол елдердің қатарына Түркия да бар. Түркиядан бөлек мұндай ота Германияда, Францияда, Ұлыбританияда, Италияда және АҚШ-та жасалады. Бионикалық көз алғаш рет АҚШ-та жасалған болатын. Мұндай отаны біліктілігі жоғары мамандар осы заманғы технологияның көмегімен жасайды. 

0 пікір
Мұрағат