Жануарлар әлемі: Ғалымдар адамдарды емдеуге қабілетті 5 жануарды атады
Жануарлар әлемі: Ғалымдар адамдарды емдеуге қабілетті 5 жануарды атады
9 жыл бұрын 3641

Ғалымдар адамдарды емдеуі мүмкін хайуандар тізімін жасап, «шипагер-жануарлар» бестігін анықтады. Бұл туралы nur.kz сайты ras.kz ақпарат көзіне, ал бұл ақпарат көзі өз кезегінде ufatime.ru порталынасілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Зерттеушілердің пайымдарына қарағанда, көшті мысық, ит, жылқы, ара мен жыландар бастайды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің ғалымдары қатысқан. Олар  мысық тектестердің невроз және депрессия сырқаттарын, сондай-ақ, ас қорыту жүйелерін емдеуге қабілетті екендеріне көз жеткізген. Тәжірибе жасаушылар осы ретте мысықтың жанында 20 минут жатқан адамның қан қысымы мен жүрек соғысының қалыпқа келетінін дәлелдейтін айғақтар келтіреді. Ал зерттеу авторлары итті «тірі сканер» деп бағалап отыр. Себебі, төбеттер, тіпті, жаңа басталып келе жақтан қатерлі ісік ауруларының өзін анықтай алады екен. Психикалық ауытқушылығы бар кісілердің жылқыны көбірек пайдаланғандары абзал. Оның үстіне жайдақ мінген жандарға осы біраз шипа көрінеді. Атпен серуендеу аутист-балаларға да пайдалы болып шықты. Жыланның уы мен араның балы медицинада баяғыдан кеңінен қолданылады. Олар көп жағдайда ұмытшақтықпен және невралгиямен ауыратын адамдарға шипа береді. Сол сияқты аяқ-қолдары мен буындары сырқырайтындар, жел-құздары барлар пайдаланады.

0 пікір
Мұрағат