Жаңа материал тікелей күн сәулесі түскен қандай да бір заттың беткі жағындағы температураны 21,2°С-қа төмендетуге қабілетті
|

Жаңа материал тікелей түскен сәулесі астындағы қандай да бір заттың беткі жағындағы температураны 21,2°C-қа дейін төмендете алады. Бұл жайында islam.kz порталы ixbt.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Химия институты мен Қытай ғылым академиясының физика және химия техникалық институтының ғалымдары тиімді жолмен салқындата алатын кеуекті құрылымы бар пленка жасады. SC-RC деп аталатын жаңа материал толқын ұзындығының кең диапазонында күн сәулесін шағылыстыратын, дәлірегі, нақты жиіліктерде ерекше шағылысу аймақтарын жасай алған. Бұл технология салқындату сыйымдылығына нұқсан келтірмей ашық құрылымдық түстер алуға мүмкіндік береді. Пленканың түс гаммасын коллоидты нанобөлшектердің диаметрін өзгерту арқылы реттеуге болады. Технология нанобөлшектердің ретпен жиналуына ықпал ететін және өзін-өзі құрастыру кезінде орын алған ақауларды азайтатын микро тереңдікке фотонды кристалдарды енгізуді ұйғарады. Кеуекті полиметилметакрилат жақтауы (PMMA) құрылымдық бояудың механикалық тұрақтылығын айтарлықтай арттыра отырып, фотонды кристалдарды қорғаныспен қамтамасыз етеді. Наноимпринтингті, фазалық бөлуді және өзін-өзі құрастыру функцияларын қамтитын пленка технологиясы қалалық сәулеттен көлік құралдарына дейін кең ауқымда қолдануға қолайлы.




