Өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы энергия жинайтын құрылғы пайда болды
Өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы энергия жинайтын құрылғы пайда болды
4 күн бұрын 579 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

DGIST робототехника және мехатроника кафедрасының ғалымдары дене қозғалысын электр энергиясына айналдыратын үш өлшемді, созылатын пьезоэлектрлік энергия комбайнын жасап шығарды. Адам өзімен бірге алып жүретін гаджеттерде қолдануға жарамды жаңа құрылғы теріге немесе киімге бекітіледі. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Nano мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзгеше құрылғы пьезоэлектрлік эффектіге (кейбір материалдар сыртқы әсерден энергия тудыратын физикалық құбылыс) негізделген: электр энергиясы терінің жиырылуы немесе жазылуы және буын қимылы сияқты механикалық әсерлер арқылы түзіледі немесе қалыптасады. Трибоэлектрлік эффектіге (материалдардың үйкелісінен энергияның пайда болу құбылысы) негізделген энергия жинау комбайндарына қарағанда пьезоэлектрлік құрылғылар неғұрлым тұрақты сипатқа ие. Қорғасын цирконат титанаты (PZT)  энергия тиімділігі жоғары, негізгі материал ретінде қолданылған екен. Дегенмен, бұл материалдың негізгі кемшілігі – қатты келеді әрі сынуға бейім тұрады. Бұл олқылық созылмалы құрылғыларда оны пайдалану мүмкіндігін шектейді. Бұл түйіткілді шешу үшін ғалымдар материалды өзгеруге немесе тозуға ұшырау ықтималдылығын мейлінше азайтатын үш өлшемді формада конструкциялады (құрылымдады). Бұл шара өз кезегінде материалдың созылмалылығын жоғары тиімділікпен энергия түзу ерекшелігімен ұштастыруға мүмкіндік берді. Ғалымдар, сондай-ақ, электр энергиясының өзара өшуіне жол бермейтін секцияларға бөліп, біріктіруші электродтарының конструкциясын әзірледі. Құрылымның қисықтығына байланысты бұл тәсіл құрылғының энергия тиімділігін едәуір арттырды. Нәтижесінде жаңа жүйе әдеттегі пьезоэлектрлік энергия жинағыштарға қарағанда 280 есе тиімді болып шықты.

0 пікір
Мұрағат